"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Салық және бюджетке мiндеттi басқа да төлемдердi белгiленген мерзiмiнде төлемеген салық төлеушiнiң мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм шығару тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 31 шiлдедегi
N 1041 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердi
белгiленген мерзiмiнде төлемеген салық төлеушiнiң
мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм шығару
тәртiбi туралы
Е Р Е Ж Е
1. Осы ереже салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердi белгiленген мерзiмiнде төлемеген салық төлеушiнiң мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм шығару тәртiбiн, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшiн салық төлеушiлердiң және олардың борышкерлерiнiң банктегi және басқа да қаржы-кредит мекемелерiндегi шоттарында қаражаты болмаған жағдайда өсiм, айыппұл сомасын айқындайды.
2. Салық төлеушi борышкердiң мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм шығару қайда және кiмнiң нақтылы пайдаланылуына екенiне қарамастан меншiк құқы бойынша оның өзiнiкi болып табылатын немесе толық шаруашылық қарауындағы (мүлiктi толық шаруашылық билiгiне беру туралы шартта оны толық немесе белгiлi бiр бөлiгiнде иесiздендiруге тыйым салу қарастырылған жағдайлардан басқа) мүлiкке ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Тіркелуге жататын мүлік бойынша құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса берілді.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.16. N 773
қаулысымен. P990773_
3. Салық төлеушiлердiң шоттарында және олардың борышкерлерiнiң банкiлерiндегi шоттарында қаражаты болмаған жағдайда қарызды өтеу үшiн ең алдымен олардың қолда бар қаражатына (оның iшiнде шетел валютасына да) шара қолданылады, тек ондайлар болмаса немесе жетiспесе ғана өзге мүлiктердiң кез келген түрiне шара қолданылады, сонымен қатар салық төлеушiнiң ұсыныстарын ескере отырып, салық органы билiк етуiн шектелетiн мүлiктердiң тiзбесiн дербес айқындайды.
Қарызды өтеуге теңге және шетел валютасы түрiндегi қолма-қол ақша төленбеген салыққа жiберiлсе, бюджетке үш күннен асырылмай енгiзiлуге жатады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.19. N 333 қаулысымен. P960333_
4. Бiрiншi кезекте пайдалануға билiк етудi шектеу өндiрiстiк тiзбекке тiкелей қатыспайтын мүлiктерге, бағалы қағаздар: өндiрiстiк емес үй-жайлардың жабдықтары, жеңiл автокөлiктер, кеңселердiң сәндiк заттары және т.б.;
екiншi кезекте - өндiрiске тiкелей қатыспайтын және қатысуға арналмаған даяр өнiмдерге (тауарларға), сондай-ақ өзге де материалдық құндылықтарға;
үшiншi кезекте - өндiрiске тiкелей қатысуға арналған шикi заттар мен материалдарға, сондай-ақ станоктарға, жабдықтарға (бірыңғай технологиялық циклде сипатталады), үйлер мен ғимараттарға, басқа да негiзгi қорларға;
төртiншi кезекте займ, жалдау шарты бойынша немесе өзге шарттармен басқа тұлғаларға жалға берiлген мүлiктерге жүргiзiледi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.19. N 333 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.16. N 773
қаулысымен. P990773_
5. Салық төлеушiнiң - борышкердің мүлкіне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығаруды деректердің негiзінде салық төлеушiнiң есепке тұрған жерiндегі аудан, қала, облыс, қаладағы аудан бойынша салық комитеті төрағасының (не оның орынбасарының) атынан салық қызметiнiң органы қабылдайды:
салық комитеттерінде салық төлеушiлердiң салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша ескертуден кейiн қарызы бар екенiн көрсететiн жеке шоттары;
салық төлеушiнiң қаражатының жоқтығын көрсететiн есеп айырысу, ағымдағы, валюталық, арнаулы несиелiк немесе басқа да шоттары.
Билiк етудi шектеуге сауда, көлiк және ақпарат шығындарын қосқанда негiзгi берешектi толық өтеуге, сондай-ақ оны бағалауға, сақтауға және өткiзуге кететiн шығындарды өтеуге қажет және жеткiлiктi мүлiк көлемi ғана жатады, қалғаны қайтарылуға тиiс.
Егер салық төлеушi пайдалануға билiк етудi шектеуге жататын мүлiктi түгел немесе оның бiр бөлiгiн, сондай-ақ қолда бар ақша қаражатын өз еркiмен беруден жалтаратын болса, пайдалануға билiк етудi шектеудi жүргiзушi салық қызметi органы табыс алу үшiн пайдаланылатын орындарды (материалдық құндылықтарды өндiру, сақтау және өткiзу орындары) табу мақсатында тексеру жүргiзедi. Салық төлеушiнiң лауазымды адамдары және басқа қызметкерлерi тарапынан тексеруге және мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм шығару кедергi келтiрiлген жағдайда тиiстi объектiлер (үй-жайлар, сейфтер, шкафтар және т.б.) салық қызметiнiң органының мөрiмен сүргiленiп, күзетке алынады және кейiннен осы органға берiлген құқыққа сәйкес тиiстi шаралар қолданылады.
Тексеру қорытындылары немесе оны жүргiзуге кедергi жасау фактiсiн тiркеу хаттамамен ресiмделiп, оған тексерудi жүргiзуге өкiлеттi адам, салық төлеушiнiң өкiлi және екi куә қол қояды. Тексерудi жүргiзуге байланысты салық төлеушiнiң арызы да осы хаттамада көрсетiледi. Салық төлеушi өкiлiнiң хаттамаға қол қоюға бас тартуды ерекше жазумен көрсетiлiп, куәлардың қолымен куәландырады. Пайдалануға билiк етуi шектелген мүлiк салық төлеушiнiң пайдаланылуында қалып, ол билiк етудi шектеген салық қызметi органы белгiленген шарттар бойынша оларды пайдалану мен билiк етуге қатысты құқықтық шектеудi ескере отырып, мүлiктiң сақталуы үшiн жауапты болады. Бұл шарт орындалмаған жағдайда берешек салық төлеушi заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 357-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.19. N 333 қаулысымен. P960333_
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.16. N 773
қаулысымен. P990773_
6. Мүлiкке билiк етуi шектелген шешiм шығару қоса беріліп отырған нысан бойынша салық төлеушiге осы Ереже белгiленген тәртiпке сәйкес оны (мүлiктi) пайдалану және оған иелену шарттары туралы ескертiле отырып, мүлiктердiң тiзбесiн жасау жолымен жүргiзiледi.
Салық қызметiнiң органдары салық төлеушiнiң пайдалануға тыйым салуға қатысушы лауазымды адамдарына пайдалануға билiк етудi шектеудiң жүргiзiлгендiгi туралы қаулының мөрмен куәландырылған көшiрмесiн беруге және өздерiнiң қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге, сондай-ақ барлық пайдалануға билiк етудi шектеудi өткiзуге қатысушыларға олардың осы Ережеден туындайтын құқылары мен мiндеттерiн түсiндiруге мiндеттi. Пайдалануға билiк етуi шектелген мүлiктердiң тiзбесi салық төлеушiнiң мүлiктердiң бастапқы бағасы мен тозу дәрежесiн ескеретiн бухгалтерлiк есебiнiң мәлiметтерi негiзiнде мүлiктердi бағалай отырып, қоса берiлiп отырған нысанда 2 дана етiп жасалады. Орындалуы үшiн жасалған актiде мүлiктерге билiк етудi шектеудi жүргiзу туралы шешiмге (күнi мен нөмiрi көрсетiлген) сiлтеме болуы керек. Мұндай сiлтемесiз акт жарамсыз деп саналады.
Аталған актiге оны жасаған адам, сондай-ақ салық төлеушi-заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, мүлiктi уақытша заңды пайдаланушы тұлға (тұлғаның өкiлi) және тiзiмдеудiң мазмұны бойынша өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша бiлдiруге құқылы актiнi жасауға басқа да қатысушылар қол қояды. Тiзiмдеу жасаушыны қоспағанда аталған адамдардың қол қоюдан бас тартуы және оның себебiн жазбаша түрде баяндаудан бас тартуы тiзiмдеудiң соңында көрсетiлiп, кемiнде екi куәнiң қатысуымен жасалған актiмен куәландырылады. Актiнi мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм қабылдаған салық қызметi органының бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi.
Актiнiң бiрiншi данасы оны жасаған салық қызметi органында қалып, мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм шығару берiлген шағымды қарайтын органдардың талабы бойынша көрсетiледi, екiншi данасы салық төлеушi - заңды тұлғаның басшысына қолхатпен бiрiншi данада берiледi. Қолхат беруден бас тартқан жағдайда, бұл актiде
көрсетiледi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.19. N 333 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.16. N 773
қаулысымен.
7. Берешектiк өтелген жағдайда мүлiкке билiк етудi шектеу
жөнiндегi шешiм шығару жөнiндегi шешiм күшiн жояды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.19. N 333 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.19. N 333 қаулысымен.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1999.06.16. N 773
қаулысымен.
Қосымша
______________________________
(салық комитетінің атауы)
Салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу туралы
Шешім
N _______ _____________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі
N 2235 Заң күші бар Жарлығына сәйкес
_____________________________________________________________________
(салық комитеті төрағасының немесе төраға орынбасарының аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, заңды мекен-жайы, басшысының аты-жөні, СТН)
_____________________________________________________________________
мүлкіне билік етуді
______________________________________________________________сомасына
(айыппұл санкцияларын және өсімақыларды қоса алғанда, салық, алымдар
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек)
_____________________________________________________________________
шектеуді шешті және салық төлеушінің-заңды тұлғаның мүлкіне билік
етуді
шектеу тізімдемесі актісін жасады.
___________________
(қолы, аты-жөні)
М.О.
Осы шешімнің көшірмесін алдым:
________________________________________
(қолы)
__________________________________________________________________
(салық төлеуші өкілінің аты-жөні, күні)
Бекітемін:
Төраға (төрағаның орынбасары)
_____________________________
(салық комитетінің атауы, мөрі)
Салық төлеуші - заңды тұлғаның
билік етуі шектелген мүлкін тізімдеу
Акті
__________________ ________________________
(күні) (жасалған орны)
____________________________________________________________________
(салық комитеті қызметкерінің аты-жөні)
_______________________________________ қатысуымен,
(салық полициясы қызметкерінің аты-жөні)
куәлардың:
1. ______________________________________________________________
(аты-жөні және мекен-жайы)
2. ______________________________________________________________
(аты-жөні және мекен-жайы)
қатысуымен
_____________________________________________________________________
__________________________________________ салық төлеушінің
мүлкіне билік етуді шектеу туралы _____жылғы "____"_________N
_____шешімнің негізінде _________________________________
_______________________________________________ салық төлеушінің
(салық комитетінің атауы)
__________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы және заңды мекен-жайы, басшының аты-жөні)
иелігіндегі мүлкіне салық тұрғысындағы айыппұл санкциялары мен
өсімақыларды қоса алғанда, бюджетке салықтар, алымдар және басқа
да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі жалпы сомасы
_______________________________________________________________
теңге берешегінің болуына байланысты, кейін осы мүлікті белгіленген
тәртіппен сатушы
______________
______________
______________
______________
билік ету шектеуді жүргізді.
Тізімдеу кезінде ________________________________________________
(салық төлеушінің өкілі және басқа тұлғалар)
__________________________________________________ қатысты.
Тізімдеуге төмендегі мүліктер енді:
___________________________________________________________________
N Әрқайсысы Саны Бухгалтерлік Нысананың
егжей-тегжейлі деректер сапалық
сипатталған бойынша әрбір сипаттамасы
нысаналардың нысананың
атауы бағасы (теңге)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтық сомасы ______________________________________________
Салық төлеушінің өкілі осы тізімдеудің ________ тармақтарында
аталғандарды қоспағанда, оның тізімделген мүлікті пайдалануға
құқығы жоқтығы және иелігіндегі барлық билік етуі шектелген
мүлікке билік етуге құқығының жоқтығы ескертілген.
Тізімдеу және оны жүргізген адамның іс-әрекеті жөніндегі арыздар,
ескертпелер __________________________________________________
________________________________________________________________
________________________ ___________________
(салық төлеуші немесе
оның сенімді өкілі)
Куәлар: ____________________
Тізімдеуді жүргізу кезінде
қатысқан адамдар: ____________________
Тізімдеуді жүргіздім және
актіні жасадым ____________________
_____________________ ____________________
(салық қызметі органы
қызметкерінің лауазымы)
Осы актіде көрсетілген мүлікті жауапты сақтауға қабылдадым.
Тізімдеуге жатқызылған, тәркіленген немесе билік етуі шектелген
мүлікті ысыраптағаны, иеліктен алғаны, жасырғаны немесе оны заңсыз
бергені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 357-бабы
бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.
Қолы:____________________________________________________
(сақтаушының атауы, мекен-жайы)
Қолхатты қайтып алдым: __________________________________
(салық қызметі органы қызметкерінің лауазымы)
_____________________________________________________________
Актінің көшірмесін алдым: ______ жылғы "_____"___________
_____________________________________________________________
(салық төлеушінің өкілі)
Ескерту: Тізімдеу жүргізетін тұлға, салық төлеушінің өкілі және
куәлар актінің әрбір бетіне қол қояды.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.