Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 952 және 1995 жылғы 31 шiлдедегi N 1041 қаулыларына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 наурыз N 333. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.25. N 569 қаулысымен. ~P020569

 

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2703 U952703_ Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. "Заңды тұлға-салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары тыйым салған мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 952 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 272-бап):
      атауы мен мәтiндегi "тыйым салған" деген сөздер "билiк етуi шектелген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Заңды тұлға-салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары тыйым салған мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженiң:
      атауы мен мәтiндегi "тыйым салған", "тыйым салынған" деген сөздер тиiсiнше "билiк етудi шектеген", "билiк етуi шектелген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда берiлсiн:
      "3. Аукционды өткiзушiлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясында көзделген тәртiппен белгiленген заңды тұлға (бұдан әрi-Сауданы ұйымдастырушы) болып табылады.
      4. Сауданы ұйымдастырушы салық төлеушi-борышқордан аукциондық сату шарттары бойынша өткiзу үшiн мүлiк қабылдайды, сонымен бiрге тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткiзу мен сақтау тәртiбi айқындалады";
      11-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
      "11. Аукцион шығасысы Сауда ұйымдастырушыға тиесiлi комиссиялық сыйақы есебiнен жабылады";
      16-тармақтың:
      төртiншi абзацындағы "келiсе отырып" сөздiң алдына "салық төлеушiмен" сөзi қосылсын, "бiрақ ол негiзгi қорлар (қаражаттар) қалдық құны бойынша баланстың (есептiк) құнынан кем болмауға тиiс" сөздерi алынып тасталсын.
      бесiншi абзацы мынадай редакцияда берiлсiн:
      "Егер тауардың бағасы кемiтiлгеннен кейiн сатылмаса, оны аукционға салу тоқтатылады. Тауар аукционнан алынады және бастапқы бағасын өзгертумен, Сатушылар мен сауда ұйымдастырушылар арасындағы келiсіммен, салық төлеушiлердiң келiсiмi бойынша аукционға қайта қойылуы мүмкiн. Егер бастапқы бағадан кем емес баға бойынша тауар сатып алуға ниет бiлдiрушi сауданың бiр ғана қатысушысы келсе, аукцион болмады деп саналады, ал тауар осы қатысушыға сату үшiн саудадан алынады. Мұндай жағдайда, салық төлеушi-борышқор мен сатып алушы арасында Сауда ұйымдастырушысы комиссиялық сыйақы төлей отырып, сатып алу-сату шарты жасалады";
      2, 7-10, 12, 14, 16, 19, 27, 28-тармақтардағы "Аукционды өткiзудiң ұйымдастырушысы мүдделi салық қызметi органы болып табылады", "ұйымдастырушыға", "ұйымдастырушы", "ұйымдастырушының", "сауданы ұйымдастырушы... даярлап", "Сауданы ұйымдастырушы", "Сауданы ұйымдастырушымен", "Сауданы ұйымдастырушы... ұсынады", "Сауданы ұйымдастырушы... бередi" сөздерi "Аукционды өткiзудiң ұйымдастырушысы мүдделi органдар болып табылады", "ұйымдастырушылардың", "ұйымдастырушыларға", "ұйымдастырушылар", "ұйымдастырушылардың", "Сауданы ұйымдастырушылармен", "Сауданы ұйымдастырушылар ұсынады", "Сауданы ұйымдастырушылар... бередi" сөздерiмен ауыстырылсын.
      22-тармақтың екiншi абзацындағы "оған тыйым салған", "мүлiктiң қосымша мөлшерiне тыйым салады" сөздерi "мүлiкке билiк етудi шектеу жөнiндегi енгiзiлген шешiм енгiзiледi" сөздерiмен ауыстырылсын.
      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi мерзiмiнде төлемеген салық төлеушiнiң мүлкiн пайдалануға тыйым салу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 шiлдедегi N 1041 қаулысымен бекiтiлген Ереженiң (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 307-бап):
      атауы мен мәтiнiндегi "мүлiктi тыйым салу" деген сөздер "мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекiтiлген салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердi белгiленген мерзiмiнде төлемеген салық төлеушiнiң мүлкiн пайдалануға тыйым салу тәртiбi туралы ереженiң:
      атауы мен мәтiнiндегi "мүлiк пайдалануға тыйым салу" деген сөздер "мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығару" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "пайдалануға тыйым салынатын мүлiктердiң" деген сөздер "билiк етуi шектелетiн мүлiктердiң" деген сөздерiмен ауыстырылсын.
      4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "тыйым салу" сөздерi "билiк етудi шектеу" сөздерiмен ауыстырылсын.
      5-тармақтың:
      бiрiншi және төртiншi абзацтарындағы, "мүлiктерiн пайдалануға тыйым салу жөнiндегi шешiмдi", "Пайдалануға тыйым салуға" сөздерi "мүлiкке билiк етудi шектеу жөнiнде шығарылған шешiмдi", "Билiк етудi шектеуге" сөздерiмен ауыстырылсын;
      бесiншi және алтыншы абзацтарындағы "тыйым салуға", "тыйым салуды", "тыйым салынған", "тыйым салған" сөздерi тиiсiнше "билiк етудi шектеуге" сөздерiмен ауыстырылсын.
      6-тармақтың:
      бiрiншi абзацындағы "тыйым салу", сөздерi "билiк етуi шектелген", "шешiмi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      екiншi абзацындағы "тыйым салудың", "тыйым салуды", "тыйым салынған", "мүлiктердi пайдалануға тыйым салуды", "қаулыға" сөздерi "билiк етудi шектеудiң", "билiк етудi шектеудi", "билiк етуге шектелген", "мүлiктерге билiк етудi шектеудi", "шешiмге" сөздерiмен ауыстырылсын;
      үшiншi және төртiншi абзацтарындағы "мүлiктi пайдалануға тыйым салу туралы", "мүлiктi пайдалануға тыйым салуға" сөздерi "мүлiкке билiк етудi шектеу туралы", "мүлiкке билiк етудi шектеуге" сөздерiмен ауыстырылсын.
      7-тармақтағы "мүлiктi пайдалануға тыйым салу жөнiндегi" сөздерi

 

"мүлiкке билiк етудi шектеу жөнiндегi" сөздерiмен ауыстырылсын.

     Ережеге қосымшада:

     актiнiң атауындағы "тыйым салынған" сөздерi "билiк етуi

шектелген" сөздерiмен ауыстырылсын;

     2-тармақтағы:

     "пайдалануға тыйым салу жүргiзуi" сөздерi "билiк етудi шектеу

жөнiнде шешiм шығарды" сөздерiмен ауыстырылсын;

     "тыйым салуға" сөздерi "билiк етудi шектеуге" сөздерiмен

ауыстырылсын;

     "тыйым салынған" сөздерi "билiк етуi шектелген" сөздерiмен

ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады