Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1093 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1048. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.10. N 157 қаулысымен.

      Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы ақшалай сыйақылар төлеудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 438-бап) бекiтiлген пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      II бөлiмнiң бiрiншi абзацындағы "өнеркәсiптiк құндылығы бар" сөздерiнен кейiн "бұрын ақшалай сыйақылар, немесе диплом, немесе "Кен орындарын алғаш ашушылар" өңiрлiк белгi алған объектiлерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
      II бөлiмнiң он екiншi абзацындағы:
      "Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қорынан аударылымдардың бiр бөлiгi" деген сөздер "Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қоры" сөздерiмен ауыстырылсын.
      мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жыл сайын аталған Қордан өнеркәсiптiк құндылығы бар пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы мемлекеттiк сыйақылар төлеуге, геологиялық барлауға бағытталған қаражат көлемiнен 0,5-1,0 процент шегiнде қаражат көздейдi".
      III бөлiмнiң алтыншы абзацындағы "Мемлекеттiк комиссияға" деген сөздер "Ведомствоаралық комиссияға" деген сөздерiмен алмастырылсын.
      III бөлiмнiң сегiзiншi абзацы алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 октября 1994 г. N 1093

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 1 августа 1995 г. N 1048. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 10 февраля 2004 г. N 157 (P040157)

      В целях упорядочения выплаты единовременных денежных вознаграждений за открытие месторождений полезных ископаемых Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      Внести в Положение о первооткрывателях месторождений полезных ископаемых и государственных вознаграждениях за их открытие, утвержденное постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 октября 1994 г. N 1093 P941093_ "Об утверждении Положения о первооткрывателях месторождений полезных ископаемых и государственных вознаграждениях за их открытие" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 40, ст.438), следующие изменения и дополнения:
      абзац первый раздела II после слов "промышленную ценность" дополнить словами "за исключением объектов, по которым ранее были получены либо денежное вознаграждение, либо диплом, либо нагрудный знак "Первооткрыватель месторождения";
      в абзаце двенадцатом раздела II:
      слова "часть отчислений из Республиканского фонда охраны недр и воспроизводства минерально-сырьевой базы" заменить словами "Республиканский фонд охраны недр и воспроизводства минерально-сырьевой базы";
      дополнить предложением: "Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан ежегодно из указанного Фонда предусматривает средства на выплаты единовременных государственных вознаграждений за открытие месторождений полезных ископаемых, имеющих промышленную ценность, в пределах 0,5 - 0,1 процента от объема средств, направляемых на геологические исследования";
      в абзаце шестом раздела III слова "Государственную комиссию" заменить словами "Межведомственную комиссию";
      абзац восьмой раздела III исключить.

    Премьер-министр
  Республики Казахстан