Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 3 қазандағы N 1093 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.10. N 157 қаулысымен.

      Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
      "Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы" деген диплом мен омырауға тағатын белгiнiң үлгiлерiн 1994 жылғы 1 желтоқсанға дейiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын;
      "Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы" деген дипломдар мен омырауға тағатын белгiлердiң қажеттi мөлшерi Жер қойнауын қорғау мен минералдық-шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қоры қаражатының есебiнен жасалуын қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

             Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш
           ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк
                    сыйақылар беру туралы
                           Ереже<*>

     ЕСКЕРТУ. Ереженiң мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.09. N 987 қаулысымен .  

              I. Жалпы қағидалар

      Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру туралы Ереже Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне (36-бабы) сәйкес әзiрлендi.
      Алғаш ашушылар болып мыналар таныла алады:
      1. Бұрын белгiсiз болып келген өнеркәсiптiк құндылығы бар кен орнын ашқан, сондай-ақ пайдалы қазбалардың қосымша қорын немесе бұрыннан белгiлi кен орнында оның өнеркәсiптiк құндылығын ұлғайтатын жаңа минералдық шикiзат тапқан жеке адамдар (азаматтығына, қай ведомствоға жататынына және лауазымдық орнына қарамастан);
      2. Геологиялық барлау және ғылыми-зерттеу ұжымдарының:
      геологиялық барлау жұмыстарын жолға қоюда ынта көрсеткен, соның нәтижесiнде пайдалы қазбалардың кен орны ашылған немесе бұрыннан белгiлiсi түбiрiнен қайта бағаланған;
      пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу мен барлауға тiкелей қатысқан және онда ерекше көзге түскен;
      тапқырлық көрсеткен және сол ауданда iздестiру мен барлау жұмыстарын жүргiзудiң қажеттiлiгiн ғылыми тұрғыда негiздеген, соның нәтижесiнде өнеркәсiптiк құндылығы бар жаңа кен орны ашылған;
      белгiлi кен орны шегiнде оның қорын бұрын бекiтiлгенмен салыстырғанда кемiнде 2 есе ұлғайтатын жаңа дербес учаскелердi, руда денелерiн, қабаттарын, горизонттарын тапқан яки дербес немесе кешендi өнеркәсiптiк пайдалану үшiн жарамды жаңа минералдық шикiзат тапқан қызметкерлерi.
      Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушының құқығын тану үшiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (Геологияминi) жанынан Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар беру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) және өндiрiстiк геологиялық ұйымдар жанынан алғаш ашушылар iсi жөнiндегi аумақтық комиссиялар құрылады.
      Ведомствоаралық комиссияның құрамы Геологияминiнiң мамандары, басқа министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы институттарының өкiлдерi қатарынан қалыптасады әрi оны Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi бекiтедi.
      Ведомствоаралық комиссия Жер қойнауын және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне және осы Ережеге қатаң сәйкес iс-қимыл жасайды.
      Аумақтық комиссиялардың құрамын жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi аумақтық басқармалар (ЖҚ және ПАБ) қалыптастырады және ол Геологияминiмен келiсiледi.
      Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушыларға бiржолғы ақшалай сыйақы, "Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы" деген диплом мен омырауға тағатын белгi берiледi.
      Инвесторлардың тапсырысы бойынша жұмыс атқарған алғаш ашушыларға "Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы" деген диплом мен омырауға тағатын белгi ғана берiледi. Ақшалай сыйақыны осы Ережеде белгiленген тәртiп пен мөлшерде инвестор төлейдi.
      Кен орындарын ашуға не барлауға немесе кен орындарын ашуға қол жеткiзген геологиялық жұмыстардың жүргiзiлу қажеттiгiн негiздеуге тiкелей өздерi қатыспаған, аталған жұмыстарға өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiне орай жалпы басшылықты жүзеге асырған лауазымды адамдарға пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн мемлекеттiк сыйақылар төленбейдi.

              II. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны
                    үшiн бiржолғы ақшалай сыйақыларды
                           төлеудiң тәртiбi

      Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы ақшалай сыйақыны Ведомствоаралық комиссия тағайындайды. Ол жаңадан табылған үшiн де және бұрын барланған әрi пайдаланылатын өнеркәсiптiк құндылығы бар бұрын ақшалай сыйақылар, немесе диплом, немесе "Кен орындарын алғаш ашушылар" өнерлiк белгi алған объектiлерден басқа пайдалы қазбалардың кен орындары үшiн де төленедi.<*>
      Бiржолғы ақшалай сыйақының мөлшерiн белгiлеу үшiн кен орындары қорының мөлшерi бойынша мынадай топтарға: III-шағын, II-орташа, I-iрi әрi бiрегей топтарға бөлiнедi (N 1 қосымша). Осыған орай, ақшалай сыйақының мөлшерi бiр кен орнын ашқанда мыналар үшiн:
      металдардың, металл еместер мен жерасты суларының шағын кен орындары, құрылыс материалдарының iрi кен орындары (III топ) үшiн - 1000 есептiк көрсеткiшiнiң;<*>
      пайдалы қазбалардың орташа кен орындары (II топ) үшiн - 5000 есептiк көрсеткiшiнiң;<*>
      iрi кен орындары (I топ) үшiн - 10000 есептiк көрсеткiшiнiң;<*>
      бiрегей кен орындары үшiн - 20000 есептiк көрсеткiшiнiң мөлшерiнде болуға тиiс.<*>
      Бiржолғы сыйақы мөлшерiн белгiлегенде кен орындарының орналасқан жерiне арналған мынадай көтермелеу коэффициенттерi ескерiледi;
      - сол пайдалы қазбаның барланған қорымен шамалы қамтамасыз етiлген, сондай-ақ конверсияланатын кәсiпорындар қызметi саласында орналасқан жұмыс iстеушi кәсiпорындар ауданында - 2 коэффициент;
      - дамыған инфрақұрылымы бар игерiлген аудандарда - 1,5 коэффициент;
      - басқа аудандарда - 1,0 коэффициент.
      Мемлекеттiк сыйақыға мүлiктiк құқықтар мен мiндеттер туралы заңдардың барлық нормалары қолданылады.
      Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қоры пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы ақшалай сыйақылар төлеудiң көзi болып табылады.<*>
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жыл сайын аталған Қордан өнеркәсiптiк құндылығы бар пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы мемлекеттiк сыйақылар төлеуге, геологиялық барлауға бағытталған қаражат көлемiнен 0,5-1,0 процент шегiнде қаражат көздейдi.<*>
      Ескерту. II-бөлiгiне өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.01. N 1048 қаулысымен

              III. Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш
                   ашушылар және оларды ашқаны үшiн берiлетiн
                   мемлекеттiк сыйақылар туралы өтiнiмдердi
                              қараудың тәртiбi

      Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн берiлетiн мемлекеттiк сыйақыларды тағайындау мен белгiлеу мәселелерiн Ведомствоаралық комиссия қарайды.
      Пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуы туралы өтiнiш белгiленген нысан бойынша (N 2 қосымша) жер қойнауын қорғау мен пайдаланудың аумақтық басқармалары жанындағы аумақтық комиссияларға түсiрiледi.
      Аумақтық комиссиялар өтiнiмдер түскен күннен екi айға дейiнгi мерзiм iшiнде оларды қарап, мыналарды:
      өтiнiш жасаушы (өтiнiм жасаушылар) айтқан кен орнының ашылу фактiсiн;
      кен орнының өнеркәсiптiк құндылығын, зерделенуiнiң деңгейi мен толықтығын, қорлардың Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясында (ҚМК), Қорлар жөнiндегi аумақтық комиссиясында (ҚАК) бекiтiлуi туралы мәлiметтердi, оны рентабельдiкпен игеру мүмкiндiгiн немесе қосымша зерделеудiң тиiмдiлiгiн айқындайды.
      Аталған деректердiң бар екендiгiн анықтағанда аумақтық комиссиялар негiзделген материалдарды және өтiнiш жасаушыға (өтiнiш жасаушыларға) мемлекеттiк сыйақы берудiң дұрыстығы туралы өз шешiмiн Ведомствоаралық комиссияға жiбередi.<*>
      Пайдалы қазбалардың кен орындарын алған ашушылар және оларды ашқаны үшiн берiлетiн мемлекеттiк сыйақылар туралы ақтық шешiмi Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Ақшалай сыйақы алғаш ашушылармен қатар кен орнын ашу мен барлауға белсене қатысқан адамдарға да берiледi. Соңғыларына ақшалай сыйақының мөлшерi олардың ашуға қосқан үлесiне және кен орнында жұмыс iстеген уақытының ұзақтығына қарай белгiленедi.
     (8)<*>
     Өтiнiм жасаушы (өтiнiм жасаушылар) Ведомствоаралық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда алауыздық сот тәртiбiмен шешiледi.
     Ескерту. III-бөлiмге өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.01. N 1048 қаулысымен.

N 1 Қосымша

             Қорлары бойынша кен орындары топтарының
                          сипаттамасы


  ____________________________________________________________________
                     | Топтары бойынша кен орындары қорларының
                     |               мөлшерi
                     |_______________________________________________
  Пайдалы қазбалар   |Бiрегей. | Iрiлерi   |Орташалары|Металдардың,
                     |  лерi   | (I топ)   |(II топ)  |металл емес
                     |         |           |          |және жерасты
                     |         |           |          |суларының шағын
                     |         |           |          |кен орындары,құр.
                     |         |           |          |материал.
                     |         |           |          |дарының iрi
                     |         |           |          |орындары
                     |         |           |          | (III топ)
____________________________________________________________________
         1           |    2    |     3     |     4    |      5
____________________________________________________________________
              Түстi, сирек және асыл металдардың
                        кен орындары

Мыс, млн.т           5-тен астам    1-5       0,2-1     0,2-ден кем

Қорғасын мен мырыш

млн.т                5-тен астам    1-5        0,3-1    0,3-тен кем

Бокситтер, млн.т     30-дан астам   10-30       3-1       3-тен кем

Никель, мың т                       10-50       3-10       3-тен кем

Қалайы мың т:

      түпкiлiктерi  75-тен астам    20-75      5-20       5-тен кем

      шашырамдылары                5-тен астам  1-5        1-ден кем

Вольфрам, мың т:

     түпкiлiктiлерi 100-ден астам  50-100      10-50      10-нан кем

     шашырандылары                5-тен астам   2-5        2-ден кем

Молибден, мың т     70-тен астам   20-70        5-20       5-тен кем

Сүрме, мың т                      50-ден астам  10-50     10-нан кем

Титан, мың т:

     түпкiлiктерi                 10-нан астам   3-10      3-тен кем

     шашырандылары                 5-тен астам   1-5       1-ден кем

     тантал:

     түпкiлiктерi   5-тен астам   1-5            0,3-1    0,3-тем кем

     шашырандылары, т            0,5-тен астам   0,1-0,5  0,1-ден кем

Цирконий, мың т                  500-ден астам   100-500  100-ден кем

Алтын, т:

   - түпкiлiктiлерi 100-ден астам   50-100        5-50      5-тен кем

   - шашырандылары                  3-тен астам   1-3       1-ден кем

                    қара металдардың кен орындары

Темiр рудалары,

   млн. т          1000-нан астам  500-1000     100-500   100-ден кем

Марганец рудалары,

     млн. т         300-ден астам   50-300       10-50    10-нан кем

Хромит рудалары,

     млн. т         100-ден астам   30-100       10-30    10-нан кем

                  Энергетикалық шикiзат кен орындары

Мұнай, млн. т     300-ден астам     30-300        5-30     5-тен кем

Табиғи газ,

млрд. м           500-ден астам    30-500        5-30     5-тен кем

Көмiр, млн.т:

     коксталатын   500-ден астам    150-500      50-150    50-ден кем

     энергетикалық 1000-нан астам   500-1000    200-500   200-ден кем

     қоңыр         1000-нан астам   500-1000    300-500   300-ден кем

Жанғыш тақтатастар,

    млн. т         1000-нан астам   500-1000    300-500   300-ден кем

Уран, мың т:

     ашық және жер

     астынан шығаруға              50-ден астам  10-50     10-нан кем

     жер астында ерiту

     тәсiлiмен өңдеуге             50-ден астам  20-50     20-дан кем

              Металл емес қазбалардың кен орындары

Алмастар, млн.

     карат

     түпкiлiктерi 1500-ден астам   500-1500      100-500  100-ден кем

Асбест, млн.т

     хризолиттi   30-дан астам       15-30        5-10     5-тен кем

     антофилиттi, 150-ден астам      40-150      20-40    20-дан кем

       мың т

     амфиболды,   15-тен астам        5-15        2-5      2-ден кем

       мың т

Графит, млн.т                                10-нан астам  10-нан кем

Тальк, млн. т                                3-тен астам   3-тен кем

Тальк тасы млн.т                             15-тен астам  15-тен кем

Мусковит слюдасы,

     мың т                           20-дан астам   10-20  10-нан кем

Флогопит слюдасы,                  0,5-тен астам  0,2-0,5 0,2-ден кем

  млн. т

Вермикулит слюдасы                         0,1-ден астам  1,0-ден кем

     млн.т

Абразивтi шикiзат,

мың :

     корунд                                100-ден астам  100-ден кем

     түрпi                                                200-ден кем

Пьезооптикалық шикiзат:

     пьезокварц,мың т                 10-нан астам   3-10  3-тен кем

     исландиялық

     шпат, мың кг                   8-ден астам      4-8   4-тен кем

     оптикалық

     флюорит,мың кг                 1-ден астам    0,5-1  0,5-тен кем

     кварц шынысын

     балқыту мен

     оптикалық шыныны

     қайнатуға

     арналған желiлi

     кварц, мың.т               1000-нан астам   500-1000 500-ден кем

Техниалық тастар:

     жұзақ, мың т                1,5-тен астам    0,5-1,5  0,5-тен кем

     халцедон, тонна                              1,5-тен  1,5-тен кем

                                                   астам

Түрлi-түстi асыл тастар,

     изумруд, мың карат                           25-тен   25-тен кем

                                                   астам

     сапфир, лағыл және

     соларға теңдестер,

     мың карат                                    50-ден   50-ден кем

                                                  астам

Жартылай асыл тастар:

     александрит,

     демантоид,

     аквамарин,

     аметист,

     хризолит,

     рубелит,

     бирюза,

     асыл жылтыртас,

     асыл шпинель және

     басқа соларға

     теңдес тастар:

     түпкiлiктiлерi, кг                         300-ден   300-ден кем

                                                 астам

     шашырандылары, кг                          200-ден   200-ден кем

                                                 астам

     берилл, гранат, топаз,

     түстi турмалин,адуляр,

     сподумен және басқа

     соларға теңдестерi,

     шашыранды, кг                                        200-ден

                                                           астам

Өңдегiш тастар

     (түрлi-түстi)

     малахит, т                                            10-нан

                                                            астам

     нефрит, лазурит

     және соларға теңдес

     түпкiлiктi кен

     орындары,                                300-ден      300-ден

                                              астам           кем

     жоғары дәрежедегi

     тау жыныстары,

     түпкiлiктi кен

     орындары, тонна                                       1000-нан

                                                             астам

Балқыма шпат, руда,

     млн. т              20-дан       5-20        2-5      2-ден кем

                         астам

Фосфориттер, руда,

     млн.т               500-ден     200-500     50-200   50-ден кем

                          астам

Апатиттер, руда, млн.т                           50-200   50-ден кем

Борлы рудалар, руда,

млн.т                    5-тен         1-5       0,5-1    0,5-тен кем

                         астам

Калий тұздары

     хлорлы,

     дымқыл тұздар,

     млн.т              1000-нан      600-1000   300-600  300-ден

                          астам                             кем

     күкiрт қышқылды

     және аралас,

     млн.т              500-ден       300-500    200-300  200-ден

                         астам                              кем

Ас тұзы тамақ

өнеркәсiбiне арналған,

     млн.т                            300-ден    200-300  200-ден

                                       астам                 кем

     химия өнеркәсiбiне

     арналған, млн.т                  1000-нан   500-1000  500-ден

                                        астам                кем

Натрий сульфаты

(мирабилит, тенардит),

     млн.т                            10-нан       5-10    5-тен кем

                                       астам

Табиғи сода, млн.т

     (сусыз)            50-ден        25-50       15-25   15-тен кем

                         астам

Тума күкiрт, млн.т      20-дан        10-20        5-10    5-тен кем

                         астам

Бариттер, млн.т

(BaSO)(50 проценттен                  10-нан      3-10     3-тен кем

кем емес)                             астам

Магнезиттер, млн.т                   100-ден      30-100    5,0-тен

                                     астам                   кем

Бруситтер

Доломиттер (металлургия

өнеркәсiбiне арналған)

млн. т                                100-ден      30-100    30-ден

                                       астам                   кем

Әктастар (металлургия,

шыны және химия өнер.

кәсiбiне арналған),

млн.т                                 150-ден      50-150    50-ден

                                       астам                  кем

Саз балшықтар, млн.т

     отқа төзiмдiлерi                 30-дан       10-30     10-нан

                                       астам                    кем

     баяу балқитындары

     қышқылға төзiмдi.

     лерi                             50-ден        20-50    20-дан

                                       астам                  кем

     бетониттiлерi                    30-дан        10-30    10-нан

                                       астам                  кем

Каолиндер                             30-дан        10-30    10-нан

                                       астам                   кем

Кварциттер (динасқа,

ферроқорытпаларға,

кремний карбидiне

арналған) және басқа

да кремний тотығы көп

жыныстар (химия және

абразивтiк өнеркәсiпке

арналған), млн. т                                  30-дан   30-дан

                                                   астам     кем

Қалыптағыш құмдар және

басқа да қалыптағыш

материалдар млн.т                                  20-дан    20-дан

                                                    астам      кем

Цемент шикiзаты, млн.т

     карбонатты құралас                           150-ден    150-ден

                                                    астам      кем

     сазбалшықты құралас                           50-ден     50-ден

                                                     астам      кем

     гидравликалық қоспалар

     (диатомиттер, трепел,

     опокалар, пуццоландар

     және басқалар), млн.т                                    10-нан

                                                               астам

Шынылық құрамдар (терезе

шынысы және арнайы

бұйымдар үшiн) млн.т                                15-тен    15-тен

                                                     астам      кем

Пегматиттер және басқа

дала шпаты шикiзатының

басқа да түрлерi, млн.т                              2-ден     2-ден

                                                      астам     кем

                     Құрылыс материалдары

Әшекейлеу-қаптау

материалдарын жасау

үшiн пайдаланылатын

кесектерiнiң шығыңқылығы

30 проценттен кем емес

атқыланған, өзгерiске

ұшыраған және басқа

жыныстар, млн. м3                                     2-ден    2-ден

                                                      астам      кем

Кесектерiнiң шығың.

қылығы 15 проценттен

кем емес мәрмәрлер

(сәулеттiк-құрылыстық,

өңдеулiк және мүсiндiк),

млн. м3                                               1-ден    1-ден

                                                      астам     кем

Гипстер, млн.т                                                 5-тен

                                                               астам

Қопсыма материалдар

өндiруге арнаған

перлиттер мен басқа

да эффузивтiк және

сазбалшықты тау

жыныстары, млн. м3                                             3-тен

                                                               астам

Волластонит (өнер.

кәсiптiң керамика.

лық және басқа да

салаларына арналған),

млн.т                                                          1-ден

                                                               астам

Осы шикiзат тапшы

болып отырған аудан.

дардағы құрылыс

материалдары, млн. м3:

     тастылары (шойтас,

     шағылтас)                                                10-нан

                                                               астам

     құмды-қиыршықтылары                                      10-нан

                                                               астам

     силикат кiрпiшiне,

     бетонға және басқа.

     ларына арналған

     үйме құмдар                                              15-тен

                                                               астам

     iзбестi күйдiруге,

     силикат кiрпiшiне

     және басқа мұқтаж.

     дыққа арналған

     iзбестастар                                              5-тен

                                                              астам

                          Жерасты сулары

Тұщы сулар:

     iшетiн сумен жабдық

     тауға арналған, мың

     текшеметр (тәулiгiне

     су қорлары өте

     тапшы жерде           100-ден     50-100      20-50      10-20

                           астам

     басқа аудандарда      200-ден    100-200     50-100      20-50

                           астам

     жердi суландыруға

     арналған                         100-200     50-100

Минералды сулар:

емге пайдалану үшiн,

м3/ тәулiгiне:

     ерiтiлген

     көмiр қышқылы 1 г/л

     кем емес және

     минералдануы 4 г/л

     кем емес (арзни,

     жермук, боржом

     тәрiздi) көмiр

     қышқылдары                       200-ден      100-200    50-100

                                      астам

       ерiтiлген

     көмiр қышқылы

     1,5 г/л кем емес

     және жалпы

     минералдануы

     2 г/л кем емес

     (кисловодск тәрiздi),

     көмiр қышқылдары                  300-ден      200-300  100-200

                                        астам

      темiрi 20 мг/л кем

     емес және көмiр-қыш.

     қылды-күшәләлi,

     күшәлә үлесi 10 мг/л

     кем емес көмiрқышқыл.-

     ды-темiрлiлерi                                 100-ден   50-100

                                                     астам

     гидрокарбонаттық

     магнийлi-кальцийлiлерi,

     нафтус тәрiздi                    50-ден       25-50      10-25

                                        астам

      әр түрлi иондық

     құрамдағы сульфидтiк

     сулар және сульфидi

     100 мг/л кем емес

     минералдандыру                   500-ден      200-500   100-200

                                       астам

      әртүрлi иондық

     құрамдағы радоны 100

     ммк кюриден (100

     эман) астам радон

     сулары:

      көмiр қышқылдылары

     (ерiтiлген көмiр

     қышқылы 1,5 г/л астам)

     немесе термальды

     (35 аса) немесе мине.

     ралдануы 10 г/л

     астам сулар                         300-ден    100-300  50-100

                                         астам

     салқын да жылы, шамалы

     минералданған сулар                            300-ден  100-300

                                                     астам

      әртүрлi иондық құрамы

     мен минералданған

     азотты және метандық

     термальды (35  жоғары)

     және кремнийленген

     (кремний қышқылы

     0,05 г/л) сулар                                800-ден  400-800

                                                      астам

Термальды сулар:

     температурасы

     100 -тан жоғары

     және минералдануы

     2 г/л дейiнгi

     тұнатын жебiр

     құраластары мен

     тұздары болмайтын

     энергетикалық

     сулар, мың т                      20-дан       10-20     3-10

                                       астам

Булысу қоспалары:

      температурасы

     60-тан жоғары

     және минералдануы

     10 г/л дейiнгi

     тұнатын жебiр

     құраластары мен

     тұздары болмайтын

     техникалық жылы

     сулар, м3/тәулiгiне                             20-дан    10-20

                                                     астам

Өнеркәсiптiк сулар

мың м3/тәулiгiне:

     20 мг/л кем емес

     йоды бар сулар         50-ден      30-50       15-30    15-тен

                            астам                           кем емес

     250 мг/л кем емес

     бромы бар сулар        30-дан      10-30       5-10    5-тен

                            астам                          кем емес

     йоды 10 мг/л кем

     емес, бромы 200 мг/л

     ккем емес йоды-бромды

     сулар                  30-дан      20-30       10-20   5-тен

                            астам                          кем емес

     йоды 10 мг/л кем

     емес, боры 500 мг/л

     кем емес, йодты-борлы

     сулар.                 50-ден      30-50       15-30   15-тен

                             астам                          кем емес

N 2 Қосымша

                              Пайдалы қазбалардың кен орындарын
                              ашқаны үшiн берiлетiн мемлекеттiк
                              сыйақылар жөнiндегi комиссияның
                              Төрағасына
          Пайдалы қазбалардың кен орнын (учаскесiн) ашқаны
                               туралы
                               Өтiнiш

                   Азаматтан (азаматтардан)_________________________
                                          фамилиясы, аты, әкесiнiң
                  _________________________________________________
                     аты, жасы (туған жылы), мамандығы
                  _________________________________________________
                                 жұмыс орны
                  _________________________________________________
                    тұратын мекен жайы, почта индексi, өлке, облыс,
                  _________________________________________________
                    қала, поселке, көше, үй, пәтер
     Мен (бiз) аштық: _____________________________________________
                       кен орны, жер қойнауының бағалы учаскесi
___________________________________________________________________
     кен орнының, жер қойнауы учаскесiнiң немесе басқа объектiнiң
___________________________________________________________________
     айқын белгiлерi
___________________________________________________________________
     егер бар болса, объектiнiң атауын көрсету керек
                      _____________________________________________
                      орналасқан жерiн айқын көрсету керек: өлке,
___________________________________________________________________
аудан, қала, село, станса (елдi мекеннен немесе өнеркәсiп
___________________________________________________________________
пунктiнен неше км) және т.б.
___________________________________________________________________
 
        2. Ашылған объектiнiң құндылығы туралы деректер келтiрiледi: қандай пайдалы қазба табылды, қандай түрде (тау жынысы үлгiлерiнде, сынамаларында), ашылуында, тау-кен қазбаларында және басқалары. Кен орнының, бағалы учаскенiң т.б.қысқаша ашылу тарихы берiледi.
      Ашылған объектiнiң құндылығын дәлелдейтiн фактiлер (егер болса, негiздеушi құжаттар қоса тапсырылады):
      а) табылған тау жынысының үлгiлерi немесе сынамалардың зерттеу нәтижелерi: химиялық, минералогиялық, палентологиялық т.б., талдаулар, осы үлгiлердiң физикалық және басқа қасиеттерi;
      б) оларға өтiнiм жасаушы (өтiнiм жасаушылар) бұрын жазбаша түрде объектiнiң құндылығын анықтау мақсатымен барған болса, құзырлы ұйымдардың анықтамалары.
      Осы объектiнi тiркеуiңiздi өтiнемiн (өтiнемiз), объектiнiң құндылығын анықтауға көмектесiңiз (егер ондай мүмкiндiк болмаса, өзi айқындайды)
____________________________________________________________________
қысқаша не керегi келтiрiледi: талдау жасау, сарапшы тобын
____________________________________________________________________
жiберу және т.б.
және объектiнiң құндылығы расталса, тиесiлi мемлекеттiк сыйақыны
берудi өтiнемiн (өтiнемiз).
     Өтiнiш жасалған                Өтiнiм жасаушының (өтiнiш
         күнi                       жасаушылар тобының) жеке
                                              қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады