Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiсi мен Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiсiне қызметтiк үй-жайлар бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 4 қыркүйекрегi N 1224

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн және Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1144 P951144_ қаулысы қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Мемлекеттiк даму банкiсi мен Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiсiне қызметтiк үй-жай бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1174 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, ол мынадай жаңа редакциямен берiлсiн:

        "Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiсiне
                    қызметтiк үй-жай бөлу туралы"

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн және қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 тамыздағы N 1144 қаулысы қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн Алматы қаласының Пушкин көшесiндегi 118-үйге орналастырсын;
      үйдiң 100 проценттiк құнын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң жарғылық қорына қосу үшiн оның құнын бағамдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiн оның талап-тiлегiн ескере отырып, басқа үйге орналастырсын;
      Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкi орналасатын үйде отырған барлық кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi он күндiк мерзiмде көшiретiн болсын;
      Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiсiнiң жарғылық қорына қосу үшiн бөлiнетiн үйдiң /үй-жайдың/ құнын бағамдасын.
     Қазақстан Республикасының     
        Премьер-министрi


О выделении служебных зданий для государственного Экспортно- импортного банка Республики Казахстан и Центральноазиатского банка сотрудничества и развития

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 сентября 1995 г. N 1224

      В связи с принятием постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 августа 1995 г. N 1144 P951144_ "О реорганизации государственного Экспортно-импортного банка Республики Казахстан и Государственного банка развития Казахстана" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 октября 1994 г. N 1174 P941174_ "О выделении служебного здания для Государственного банка развития Казахстана и Центральноазиатского банка сотрудничества и развития" изменения и дополнения, изложив его в новой редакции:
          О выделении служебного здания для государственного
           Экспортно-импортного банка Республики Казахстан
      В связи с принятием постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 августа 1995 г. N 1144 "О реорганизации государственного Экспортно-импортного банка Республики Казахстан" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом:
      разместить государственный Экспортно-импортный банк Республики Казахстан в здании по адресу: город Алматы, ул. Пушкина, 118;
      произвести оценку стоимости здания для внесения 100% его стоимости в уставный фонд государственного Экспортно-импортного банка Республики Казахстан".
      2. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом:
      разместить Центральноазиатский банк сотрудничества и развития в другом помещении с учетом потребностей Банка;
      отселить в десятидневный срок все предприятия, организации и учреждения, занимающие в выделяемом здании помещения, предназначенные для размещения Центральноазиатского банка сотрудничества и развития;
      произвести оценку стоимости выделяемого здания (помещений) для включения в уставный фонд Центральноазиатского банка сотрудничества и развития.
     Премьер-министр
  Республики Казахстан