Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн және Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiн қайта ұйымдастыру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 тамыз N 1144. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.01.07. N 10 қаулысымен. ~P990010
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi оған Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiн қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi барлық мәселелер бойынша Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiнiң құқықтық мұрагерi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi комиссия құрсын, ол бiр ай мерзiм iшiнде актi бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Даму банкiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне берсiн.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен тартылған шетел кредиттерi бойынша заемшы-кәсiпорындардың берешектерiн өтеу және мерзiмi өткен төлемдердi өтеуге бағытталған бюджет қаражатын заемшы-кәсiпорындардың өтеу тәртiбi туралы бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетпен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн "Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының күшiнiң жойылғанын тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 тамыздағы Жарлығына сәйкес келтiру жөнiнде бiр ай мерзiм iшiнде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз