1. "Қазақстан Мемлекеттiк даму банкiсi мен Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiсiне қызметтiк үй-жай бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1174 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, ол мынадай жаңа редакциямен берiлсiн:
"Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiсiне
қызметтiк үй-жай бөлу туралы"
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн және қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 тамыздағы N 1144 қаулысы қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн Алматы қаласының Пушкин көшесiндегi 118-үйге орналастырсын;
үйдiң 100 проценттiк құнын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң жарғылық қорына қосу үшiн оның құнын бағамдасын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiн оның талап-тiлегiн ескере отырып, басқа үйге орналастырсын;
Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкi орналасатын үйде отырған барлық кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi он күндiк мерзiмде көшiретiн болсын;
Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiсiнiң жарғылық қорына қосу үшiн бөлiнетiн үйдiң /үй-жайдың/ құнын бағамдасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi