Еңбек етуге қолайсыз жерлерде тұратын әскери қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығына және басқа да әскери құрамалардың бастықтарына тиiстi аймақтардың өндiрiстiк емес салалар қызметкерлерiнiң жалақысына қолданылып жүрген нормативтiк актiлермен бекiтiлген аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз жерлерде жұмыс iстегенi үшiн қосылатын
коэффициенттердi әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына
және әскери атақтары бойынша жалақыларына қолдану құқығы берiлсiн.
Аталған коэффициенттердi енгiзу осы министрлiктер мен
ведомстволардың еңбекақы төлеуге арнап бөлiнген қаражат шегiнде
жүзеге асырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi