Әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына және әскери атақтары бойынша жалақыларына аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз мекендерде жұмыс iстегенi үшiн коэффициенттердi қолдану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 4 қазан N 1298. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен. ~P020789

      Еңбек етуге қолайсыз жерлерде тұратын әскери қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығына және басқа да әскери құрамалардың бастықтарына тиiстi аймақтардың өндiрiстiк емес салалар қызметкерлерiнiң жалақысына қолданылып жүрген нормативтiк актiлермен бекiтiлген аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз жерлерде жұмыс iстегенi үшiн қосылатын

 

коэффициенттердi әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына

және әскери атақтары бойынша жалақыларына қолдану құқығы берiлсiн.

     Аталған коэффициенттердi енгiзу осы министрлiктер мен

ведомстволардың еңбекақы төлеуге арнап бөлiнген қаражат шегiнде

жүзеге асырылсын.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады