Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 ақпандағы N 182 P940182_ қаулысымен /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 9, 92-бап/ бекiтiлген Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты туралы ережеге Қазақстан Республикасының қызмет паспортын алуға құқы бар Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының Тiзбесiне мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн:
Он екiншi абзац "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының сөздерiнен кейiн "Саяхат" авиакомпаниясының, Қазақстанның басқа авиакомпанияларының" сөздерiмен толықтырылсын;
осы абзацтың жетiншi жолындағы "құрамы" сөзi "құрамдары" сөзiмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi