"Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылығ 17 қарашадағы N 1563

      "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының қаржы-шаруашылық жағдайының нашарлауы жалғаса түсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын (бұдан әрi - Компания) басқару құқығына "Интеррос" фирмасының басқарушысымен жасалған 1995 жылғы 15 тамыздағы N 21/95 контрактiнi бұзу туралы мәселенi қарасын;
      Компанияның сенiмдi басқарушысы туралы мәселенi олармен басқару жөнiнде белгiленген тәртiппен контракт жасай отырып, шешсiн;
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп тексеру жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне баланстар мен тауар-материалдық құндылықтардың болуы туралы анықтаманы ұсынсын;
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп дайын өнiмдi жөнелтудi тоқтатсын.
      2. "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын қаржылай сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 тамыздағы N 1119 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-министрi


Вопросы Государственной холдинговой компании "Ульба"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 1995 г. N 1563

      В связи с продолжающимся ухудшением финансово-хозяйственного состояния Государственной холдинговой компании "Ульба" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом:
      рассмотреть вопрос о расторжении контракта N 21/95 от 15 августа 1995 года с управляющей фирмой "Интеррос" на право управления Государственной холдинговой компанией "Ульба" (далее - Компания);
      решить вопрос о доверенном управляющем Компании, заключив с ним в установленном порядке контракт на управление;
      совместно с Министерством энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан провести ревизию и представить Правительству Республики Казахстан балансы и справку о наличии товарно-материальных ценностей;
      совместно с Министерством энергетики и угольной промышленности, Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан приостановить отгрузку готовой продукции.
      2. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 августа 1995 г. N 1119 "О мерах по финансовому оздоровлению Государственной холдинговой компании "Ульба".
    Премьер-Министр
  Республики Казахстан