1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын (бұдан әрi - Компания) басқару құқығына "Интеррос" фирмасының басқарушысымен жасалған 1995 жылғы 15 тамыздағы N 21/95 контрактiнi бұзу туралы мәселенi қарасын;
Компанияның сенiмдi басқарушысы туралы мәселенi олармен басқару жөнiнде белгiленген тәртiппен контракт жасай отырып, шешсiн;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп тексеру жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне баланстар мен тауар-материалдық құндылықтардың болуы туралы анықтаманы ұсынсын;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп дайын өнiмдi жөнелтудi тоқтатсын.
2. "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын қаржылай сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 тамыздағы N 1119 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi