1. Итальян Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаттық саны 16 адам болып бекiтiлсiн.
2. Итальян Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы айына 2500 доллар мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң айлық шетел валютасындағы жалақысы басшылыққа алынып, штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге аударымдар олардың шетел валютасындағы жалақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп Итальян Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаттық кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн. 5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Итальян Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiн қаржыландыруды 1995 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаржы есебiнен жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары