Қазақстан Республикасының Итальян Республикасындағы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 14 желтоқсан N 1720

      "Итальян Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 тамыздағы N 2409 U952409_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Итальян Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаттық саны 16 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Итальян Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы айына 2500 доллар мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң айлық шетел валютасындағы жалақысы басшылыққа алынып, штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн.
      3. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге аударымдар олардың шетел валютасындағы жалақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп Итальян
Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаттық кестесi
мен шығыстар сметасын бекiтсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Итальян
Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiн қаржыландыруды
1995 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаржы
есебiнен жүзеге асырсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады