1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi таратылсын, оның мүлкi мен iсiн басқару өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына берiлсiн.
2. Мыналардың:
"Қазақ ССР Министрлер Советi жанынан Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiн құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 5 ақпандағы N 48 қаулысының; "Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 28 ақпандағы N 138 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары