Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiн тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 14 желтоқсан N 1724

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 U952600_ Жарлығының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi таратылсын, оның мүлкi мен iсiн басқару өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына берiлсiн.
      2. Мыналардың:

     "Қазақ ССР Министрлер Советi жанынан Емдеу-сауықтыру
бiрлестiгiн құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 5
ақпандағы N 48 қаулысының;
     "Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру
бiрлестiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер
Кабинетiнiң 1991 жылғы 28 ақпандағы N 138 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады