1. Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 27 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас
басқармасына Бас басқарма бастығының бiр орынбасарын, сондай-ақ 9 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасының орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Геодезия және картография бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 1248 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1799 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Қаржы-экономика бөлiмi Геоақпараттық жүйелерi бөлiмi Геодезиялық қадағалау және режим мемлекеттiк инспекциясы Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi