Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1799

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 27 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас

басқармасына Бас басқарма бастығының бiр орынбасарын, сондай-ақ 9
адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас
басқармасының орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Геодезия және картография бас басқармасы орталық аппаратының
құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994
жылғы 9 қарашадағы N 1248 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1995 жылғы 19 желтоқсандағы
                                        N 1799 қаулысына
                                                қосымша

           Қазақстан Республикасының Геодезия және картография
                    бас басқармасы орталық аппаратының
                            Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
     Қаржы-экономика бөлiмi
     Геоақпараттық жүйелерi бөлiмi
     Геодезиялық қадағалау және режим мемлекеттiк инспекциясы
     Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады