1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен "Қазақстан әуе жол" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы арасындағы республикалық бюджет алдындағы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөнiндегi жалпы сомасы 60 (алпыс) млн. теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.
Аталған сома "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының аса маңызды ұшуларда көрсеткен қызметi үшiн берешектерiн қайтаруға Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының қаржыландыру шотына есептелсiн. 2. Берешектердi есептеу 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аталған сома бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары