Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1835

      Қазақстан Республикасы президентiнiң Iс Басқармасының "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы орындаған аса маңызды ұшуларға ақы төлеу бойынша берешектi қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен "Қазақстан әуе жол" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы арасындағы республикалық бюджет алдындағы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөнiндегi жалпы сомасы 60 (алпыс) млн. теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.

     Аталған сома "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк
авиакомпаниясының аса маңызды ұшуларда көрсеткен қызметi үшiн
берешектерiн қайтаруға Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс
Басқармасының қаржыландыру шотына есептелсiн.
     2. Берешектердi есептеу 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
аталған сома бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле
отырып жүргiзiледi.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады