Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен берiлетiн сыртқы кредиттердi тартуды шектеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 қаңтар N 61. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы кепiлдiк берген шетел кредиттерi бойынша дефолттардың пайда болуынан қашу, сондай-ақ бұдан бұрын алынған кредиттер бойынша берешегi бар ұйымдардың шетел кредиттерiн сан мәрте алуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кепiлдiгiмен жаңа шетел кредиттерiн тарту-кредит алушы ұйым бұдан бұрын алынған кредиттер бойынша берешегiн өтегеннен кейiн ғана жүргiзiлетiн болып белгiленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, салалық министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың әкiмдерi шетел кредиттерiн тарту жөнiндегi жобаларды шетел кредиттерi мен займдары жөнiнде қарызы жоқ ұйымдардан ғана қарауға қабылдайтын болсын. 
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуын бақылауға алуды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

 

      

Об ограничении привлечения внешних кредитов под государственные гарантии Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 января 1996 г. N 61. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      Во избежание возникновения дефолтов по иностранным кредитам, гарантированным Республикой Казахстан, а также многократного получения иностранных кредитов организациями, имеющими задолженности по ранее полученным кредитам, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что привлечение новых иностранных кредитов под государственную гарантию Республики Казахстан производится только после погашения кредитуемой организацией задолженности по ранее полученным кредитам.
      2. Министерству экономики Республики Казахстан, государственному Экспортно-импортному банку Республики Казахстан, отраслевым министерствам и ведомствам, акимам областей принимать на рассмотрение проекты по привлечению иностранных кредитов только от организаций, не имеющих долгов по иностранным кредитам и займам.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за выполнением настоящего постановления.

     Первый заместитель
     Премьер-Министра
     Республики Казахстан