Қазақстан Республикасы кепiлдiк берген шетел кредиттерi бойынша дефолттардың пайда болуынан қашу, сондай-ақ бұдан бұрын алынған кредиттер бойынша берешегi бар ұйымдардың шетел кредиттерiн сан мәрте алуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кепiлдiгiмен жаңа шетел кредиттерiн тарту-кредит алушы ұйым бұдан бұрын алынған кредиттер бойынша берешегiн өтегеннен кейiн ғана жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, салалық министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың әкiмдерi шетел кредиттерiн тарту жөнiндегi жобаларды шетел кредиттерi мен займдары жөнiнде қарызы жоқ ұйымдардан ғана қарауға қабылдайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуын бақылауға алуды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары