Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 қаңтар N 126. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 942 қаулысымен. ~P000942

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер

 

өткiзу туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк

комитетi:

     1996 жылдың бiрiншi жарты жылдығында жабық тендерлерде сатылуға

жататын жекешелендiру объектiлерiнiң тiзбесiн, бекiту үшiн, 1996

жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде Үкiметке ұсынсын;




     ЕСКЕРТУ. ҚРҮ-нiң 1996.08.13. N 1001 қаулысын қараңыз. 


P961001_



              2-тармағының 3-абзацы күшiн жойды - ҚР Президентiнiң

              1996.07.15. N 3059 жарлығымен. 


U963059_




     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Үкiметiнiң

                                           1996 жылғы 31 қаңтардағы

                                              N 126 қаулысымен

                                                 бекiтiлген


            Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық

             тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы Уақытша

                               ЕРЕЖЕ


                        1. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi, ол жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер өткiзудiң тәртiбiн реттейдi.
      2. Ереже тендердi ұйымдастыру мен өткiзудiң жалпы тәртiбiн, қатысушылардың ұсыныстарын қарауды, жекешелендiру объектiсiне меншiк құқығына шешiм қабылдау мен ресiмдеудi айқындайды.
      3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тендер - жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi жабық тендер, оған саудаласуға қатысуға арнайы шақыру алған тендер комиссиясы айқындаған заңды және жеке тұлғалардың шеңберi қатысады;
      сатушы - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
      комиссия - тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн сатушы құрған тендер комиссиясы;
      қатысушы - тендерге қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға;
      жекешелендiру объектiсi - "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 5-бабында аталған мемлекеттiк мүлiктiң түрлерi;
      бастапқы баға - жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалауды реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес есептелген жекешелендiру объектiсiнiң құны;
      тендердiң жеңiмпазы - комиссияның шешiмi бойынша тендердi ұтып алған болып танылған қатысушы;
      сатып алушы - жекешелендiру объектiсiне сатушы мен сатып алу-сату шартын жасаған тендердiң жеңiмпазы.
      4. Жекешелендiру объектiлерiн тендерде сату туралы шешiмдi

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк қауiпсiздiгiне қоршаған табиғи ортаны қорғауға, сыртқы

экономикалық жағдайына қатысты ерекше жағдайларда ғана қабылдайды.

     Тендерлерде сатылуға жататын жекешелендiру объектiлерiнiң

тiзбелерiн Үкiметтiң бекiтуiне Қазақстан Республикасының

Жекешелендiру жөнiндегi комитетi ұсынады.

     5. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады.


                   II. Тендер комиссиясы


     6. Тендердi даярлау мен өткiзу үшiн Сатушы құрамына:

     сатушының;

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi

мемлекеттiк комитетiнiң;

     Қаржы министрлiгiнiң;

     Экономика министрлiгiнiң;

     басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың;

     жекешелендiрiлетiн объектiнiң өкiлдерi енетiн комиссия құрады.

     7. Комиссия кемiнде бес адамнан тұруы тиiс. Комиссия төрағасын

сатушы тағайындайды.

     Комиссия жұмысына сарапшылар мен мамандар тартылуы мүмкiн.

     8. Тендер комиссиясы:

     өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi;

     жекешелендiрiлетiн объектiнiң бастапқы бағасын бекiтедi;

     тендердiң шарттары мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерiн белгiлейдi;

     тендерге қатысушылардың құрамын айқындайды;

     тендердi өткiзедi және тендер жеңiмпазын айқындайды;

     тендердi өткiзу нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдейдi.

     9. Комиссия шешiмi комиссия мүшелерi жалпы санының жай көпшiлiк

даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының

шешушi дауысқа құқы болады.


              III. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзу


     10. Тендер коммерциялық немесе инвестициялық болуы мүмкiн.


 
       11. Коммерциялық тендер - жекешелендiрiлетiн объектiге неғұрлым жоғары баға ұсынған және тендердiң белгiленген шарттарын орындауға келiсiм берген қатысушы жеңiмпаз деп танылатын саудаласу.
      12. Инвестициялық тендер - неғұрлым тартымды инвестициялық бағдарлама ұсынған және тендердiң белгiленген шарттарын орындауға келiсiм берген қатысушы жеңiмпаз деп танылатын саудаласу.
      13. Жекешелендiру объектiсiнiң бағасы:
      инвестициялардың көлемi мен мерзiмдерi;
      экологиялық талаптар;
      мәмiлелердi жасауға шектеу (қайта сату, кепiлдеме, басқаруға беру және басқалары) және немесе белгiлi бiр уақыт iшiнде жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр әрекеттерге тыйым салу;
      тендер комиссиясы белгiлеген басқа да шарттар тендердiң шарттары болуы мүмкiн.
      14. Сатушы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын белгiлейдi және комиссияның бекiтуiне ұсынады, тендердi өткiзудiң датасы мен орнын тағайындайды, кепiлдiк жарнаның мөлшерiн белгiлейдi және комиссия ұйғарым жасаған адамдарға тендерге қатысуға жазбаша шақырулар жiбередi, кепiлдiк жарғыларын қабылдайды және қатысушылардың ұсыныстары бар өтiнiмдердi тiркеудi және тендердi өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтi жүзеге асырады.
      Жекешелендiру объектiсiнiң құнын алдын ала бағалау үшiн Сатушы дербес консалтингтiк фирмаларды тартуға құқылы.
      15. Тендерге қатысушыларды тiркеу жазбаша түрде хабарлама жiберiлген күннен бастап жүргiзiлiп, тендер өткiзiлетiн күнге үш күн қалғанда аяқталады.
      16. Қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мынадай құжаттар берiледi:
      тендерге қатысуға өтiнiш;
      сатушы белгiлеген мөлшерде кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын төлем құжаты;
      тендердiң шарттарын орындау және сатып алу-сату шартын жасауға қатысушының ұсынысы мен келiсiмi.
      Заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiк пен жарғының көшiрмесiн, сондай-ақ жарғы қорындағы мемлекеттiң үлесi туралы анықтаманы қосымша бередi.
      Акционерлiк қоғамдар олардың акцияларын иеленген акционерлiк қоғамдар туралы (тендерге қатысуға шақыру қағазы алынған сәтте) ақпарат бар акционерлердiң тiзiлiмiнен көшiрменi қосымша бередi.
      17. Комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендердiң белгiлеген

 

шарттары мен жеңiмпазды анықтау өлшемi (өлшемдерi) негiзiнде қарайды.

     Комиссияның шешiмдерi оған комиссия мүшелерi мен төрағасы қол

қоятын хаттамамен ресiмделедi.

     Комиссия мүшесiнiң өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша баяндап, оны

хаттамаға қосып тiркеуге құқығы бар.

     18. Тендердiң нәтижелерi қатысушыларға тендер өткiзiлген күннен

кейiн келесi күнi жарияланады.

     19. Комиссияның хаттамасы - тендер нәтижелерiн растайтын құжат

және сатушы мен тендердiң жеңiмпазы арасында шарт жасауға негiз

болып табылады.

     20. Жеңiмпаз тендердiң нәтижелерi жарияланған күннен бастап 10

күннен аспайтын мерзiмде жекешелендiру объектiсiне сатып алу-сату

шартын жасауға құқықты, мерзiм өткен соң бұл құқығынан айырылады.


           IV. Сатып алушылармен есеп айырысу тәртiбi

                  және меншiк құқығын ресiмдеу



 
       21. Сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты бойынша

 

есеп айырысу былай жүргiзiледi: шарт бойынша сома кепiлдiк жарнасының

төленген сомасы шегерiлiп, сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен

бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей сатушының шотына

аударылады.

     22. Түпкiлiктi төлем бес банк күнiнен кешiктiрiлсе, сатушы

шартты бiржақты тәртiппен бұзып, сатып алушыдан кепiлдiк жарнамен

толтырылмаған бөлiгiнде нақты залалдардың өтелуiн талап етуге құқықты.

     23. Жекешелендiру объектiсiне меншiк құқығы сатып алушыға сатып

алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген

заңдарына сәйкес қарастырылған тәртiппен берiледi.


        V. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан алынған қаржы


     24. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан алынған қаржы тендерлердi

ұйымдастыру мен өткiзу шығыстарына жұмсалғанынан басқасы, мемлекеттiк

бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.


                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Үкiметiнiң

                                           1996 жылғы 31 қаңтардағы

                                                N 126 қаулысына

                                                   қосымша



     ЕСКЕРТУ. Қосымшаның күшi жойылды - ҚР Президентiнiң

              1996.07.15. N 3059 жарлығымен. 


U963059_







О порядке проведения закрытых тендеров по продаже объектов приватизации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 1996 г. N 126. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 26.06.2000г. N 942 ~P000942

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 23 декабря 1995 г. N 2721  U952721_ "О приватизации" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Утвердить прилагаемое Временное положение о порядке проведения закрытых тендеров по продаже объектов приватизации. 
      2. Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации: 
      в срок до 1 марта 1996 года представить для утверждения в Правительство перечень объектов приватизации, подлежащих продаже на закрытых тендерах в первом полугодии 1996 года; 
      Абзац третий - <*> 
      Сноска. Действие абзаца третьего пункта 2 постановления Правительства Республики Казахстан N 126 от 31 января 1996 года отменено  U963059_ Указом Президента Республики Казахстан от 15 июля 1996 г. N 3059; см. постановление Правительства РК от 13 августа 1996 г. N 1001  P961001_

    Премьер-Министр

     Республики Казахстан

                                           УТВЕРЖДЕНО

                                   постановлением Правительства

                                      Республики Казахстан

                                   от 31 января 1996 г. N 126
 

                       ВРЕМЕННОЕ ПОЛОЖЕНИЕ 
            о порядке проведения закрытых тендеров 
               по продаже объектов приватизации 
 

                      I. Общие положения 
 

        1. Настоящее Положение разработано в соответствии с  Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 23 декабря 1995 г. N 2721 "О приватизации" и регулирует порядок проведения закрытых тендеров по продаже объектов приватизации. 
      2. Положение определяет общий порядок организации и проведения тендера, рассмотрения предложений участников, принятия решения и оформления прав собственности на объект приватизации. 
      3. В Положении используются следующие понятия: 
      тендер - закрытый тендер по продаже объектов приватизации, на котором принимают участие определенный тендерной комиссией круг юридических и физических лиц, получивших специальные приглашения к участию в торгах; 
      продавец - Государственный комитет Республики Казахстан по приватизации; 
      комиссия - тендерная комиссия, созданная продавцом для организации и проведения тендера; 
      участник - юридическое или физическое лицо, зарегистрированное в установленном порядке для участия в тендере; 
      объект приватизации - виды государственного имущества, указанные в статье 5 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О приватизации"; 
      начальная цена - стоимость объекта приватизации, рассчитанная в соответствии с действующими нормативно-правовыми актами, регулирующими оценку стоимости объектов приватизации; 
      победитель тендера - участник, который признан по решению комиссии выигравшим тендер; 
      покупатель - победитель тендера, заключивший с продавцом договор купли-продажи объекта приватизации. 
      4. Решение о продаже на тендере объектов приватизации принимается Правительством Республики Казахстан лишь в исключительных случаях, затрагивающих государственную безопасность, охрану окружающей природной среды, внешнеэкономическое положение Республики Казахстан. 
      Перечни объектов приватизации, подлежащих продаже на тендерах, представляются для утверждения в Правительство Государственным комитетом Республики Казахстан по приватизации.
     5. Организацию и проведение тендера осуществляет продавец.

                    II. Тендерная комиссия

     6. Для подготовки и проведения тендера продавец формирует комиссию, в состав которой включаются представители:
     продавца;
     Государственного комитета Республики Казахстан по управлению государственным имуществом;
     Министерства финансов;
     Министерства экономики;
     других заинтересованных министерств и ведомств;
     приватизируемого объекта.
     7. Комиссия должна состоять не менее чем из пяти человек. Председатель комиссии назначается продавцом.
     К работе комиссии могут привлекаться эксперты и специалисты.
     8. Тендерная комиссия:
     самостоятельно разрабатывает и утверждает регламент своей работы;
     утверждает начальную цену объекта приватизации;
     устанавливает условия тендера и критерии выбора победителя;
     определяет состав участников тендера;
     проводит тендер и определяет победителя тендера;
     оформляет протокол о результатах проведения тендера.
     9. Решения комиссии принимаются простым большинством голосов от общего числа членов комиссии. В случае равенства голосов председатель комиссии имеет право решающего голоса.

              III. Организация и проведение тендера

     10. Тендер может быть коммерческим или инвестиционным.

     11. Коммерческий тендер - торги, при которых победителем признается участник, предложивший наиболее высокую цену за объект приватизации и согласившийся выполнить установленные условия тендера.

     12. Инвестиционный тендер - торги, при которых победителем признается участник, предложивший наиболее привлекательную инвестиционную программу и согласившийся выполнить установленные условия тендера.

     13. Условиями тендера могут быть:

     цена объекта приватизации;

     объемы и сроки инвестиций;

     экологические требования;
 

        ограничение на совершение сделок (перепродажа, залог, передача в управление и др.) и/или запрещение определенных действий в отношении объекта приватизации в течение определенного времени; 
      другие условия, установленные тендерной комиссией. 
      14. Продавец определяет начальную цену объекта приватизации и представляет на утверждение комиссии, назначает дату место проведения тендера, устанавливает размер гарантийного взноса и высылает письменные приглашения на участие в тендере лицам, определенным комиссией, принимает гарантийные взносы и осуществляет регистрацию заявок с предложениями участников и иную деятельность по организации проведения тендера. 
      Для предварительной оценки стоимости объекта приватизации продавец вправе привлечь независимые консалтинговые фирмы. 
      15. Регистрация участников тендера производится со дня рассылки письменных извещений и заканчивается за три дня до дня проведения тендера. 
      16. Для регистрации в качестве участника представляются: 
      заявка на участие в тендере; 
      платежный документ, подтверждающий внесение гарантийного взноса в размере, устанавливаемом продавцом; 
      предложения и согласие участника на выполнение условий тендера и заключение договора купли-продажи. 
      Юридические лица дополнительно представляют нотариально заверенные копии устава и свидетельства о регистрации юридического лица, а также справку о доле государства в уставном фонде. 
      Акционерные общества дополнительно представляют выписку из реестра акционеров, содержащую информацию об акционерных обществах, которые владеют их акциями (на момент получения приглашения для участия в тендере). 
      17. Комиссия рассматривает предложения участников, исходя из установленных условий тендера и критерия (критериев) выявления победителя.
     Решения комиссии оформляются протоколом, который подписывается членами комиссии и председателем.

     Член комиссии имеет право письменно изложить свое особое мнение и приложить его к протоколу.

     18. Результаты тендера объявляются участникам не позднее дня, следующего за днем проведения тендера.

     19. Протокол комиссии является документом, фиксирующим результаты тендера, и служит основанием для заключения договора купли-продажи между продавцом и победителем тендера.

     20. Победитель имеет право заключить договор купли-продажи объекта приватизации в срок не более 10 дней со дня объявления результатов тендера, по истечении которых это право утрачивается.

               IV. Порядок расчета с покупателями
                и оформление права собственности
 

        21. Расчеты по договору купли-продажи производятся между продавцом и покупателем следующим образом: сумма по договору за минусом оплаченной суммы гарантийного взноса вносится на счет продавца не позднее 30 календарных дней со дня подписания договора купли-продажи. 
      22. В случае просрочки окончательного платежа более чем на пять банковских дней, продавец вправе расторгнуть договор в одностороннем порядке и потребовать от покупателя возмещения реальных убытков в части, не покрытой гарантийным взносом. 
      23. Право собственности на объект приватизации наступает у покупателя в порядке, предусмотренном договором купли-продажи и действующим законодательством Республики Казахстан. 
 

                    V. Средства, полученные от продажи 
                          объектов приватизации 
 

        24. Средства, полученные от продажи объектов приватизации, направляются в доход государственного бюджета, за исключением расходов на организацию и проведение тендеров. 

                                           Приложение

                                   к постановлению Правительства

                                        Республики Казахстан

                                      от 31 января 1996 г. N 126
 

                            П Е Р Е Ч Е Н Ь 
              акционерных обществ, входящих в состав 
           Государственной акционерной компании "Береке", 
           государственные пакеты акций которых подлежат 
                   продаже на закрытых тендерах<*> 
 

        Сноска. Действие приложения к постановлению Правительства Республики Казахстан N 126 от 31 января 1996 года отменено Указом Президента Республики Казахстан от 15 июля 1996 г. N 3059.