Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3059 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 13 тамыз N 1001

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр қаулыларының және олардың жекелеген нормаларының күшiн жою туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3050 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк органдардың мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылсын:
      "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы N 157 қаулысы;
      "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 ақпандағы N 63 қаулысы.
      2. Мыналарға:
      "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамы мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 ақпандағы N 198 қаулысына;
 
            ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3-абзацы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.06.26.
               N 942 қаулысымен. P000942_
       3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамы, "береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату-сатып алу шарттарын белгiленген тәртiппен бұзатын болсын;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне бiр ай мерзiм iшiнде аталған мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      4. Атом энергетикасы жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi В.Г.Язиковтың, "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының президентi Е.Я.Скозаның төлем-есеп айырысу және жөнелту құжаттарына қол қою және өндiрiстiк-қаржы қызметiне, шикiзат беру мен өнiмдi өткiзуге бақылау жасау құқығы бар өкiлеттi өкiлдер ретiндегi құқылылығы тоқтатылсын.
      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары М.С.Итеғұловтың "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының төлем-есеп айырысу және жөнелту құжаттарына қол қою және өндiрiстiк-қаржы қызметiне, шикiзат беру мен өнiмдi өткiзуге бақылау жасау құқығы бар өкiлеттi өкiлдер ретiндегi құқылылығы тоқтатылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      В.С.Проходовтың "Ертiс комбинаты" акционерлiк қоғамын басқару жөнiндегi мiндеттердi орындаудан, Е.Я.Скозаны "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын басқару жөнiндегi мiндеттердi орындаудан босату жөнiндегi мәселенi белгiленген тәртiппен шешетiн болсын;
      бес күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Ертiс полиметалл комбинаты", "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамдарының қайта ұйымдастыру жүргiзу кезеңiне сенiмдi басқарушыларының кандидатуралары туралы ұсыныс енгiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы С.С.Қалмырзаев, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Э.К.Утепов күшi жойылған үкiметтiк шешiмдердi әзiрлеу кезiнде қолданылып жүрген заңдарды бұзушылыққа жол берген қызметкерлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартсын.
      Бiр апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне қабылданған шаралар туралы хабарласын.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Басшысы С.И.Шуткин күшiн жоюға әкеп соққан Үкiмет актiлерiнiң жобаларын дайындағаны үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының қызметкерлерiне тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдансын және Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеу мен шығаруда заңдардың сақталуына бақылауды күшейтсiн.

       Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады