1. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Мемлекеттiк Уәкiлдi орган және кәсiпорынның құрылтайшысы болып табылады.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi