Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 1 ақпан N 139. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.05.13. N 592 қаулысымен. ~P960592

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U952335_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк басқару органдарының құрылымын жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Мемлекеттiк Уәкiлдi орган және кәсiпорынның құрылтайшысы болып табылады.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады