1. "Екiншi деңгейдегi банктердегi мемлекеттiк акция пакеттерiн басқаруды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 наурыздағы N 304 P950304_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 9,
109-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына акциялардың мемлекеттiк бақылау пакеттерiмен қоса, қаражат және мүлiк енгiзген мемлекеттiк кәсiпорындар мен кәсiпорындар, екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына енгiзiлген активтер сомаларына кемiтулер жүргiзсiн". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi