Екiншi деңгейдегi банктердегi мемлекеттiк акция пакеттерiн басқаруды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 20 наурыздағы N 304

      Банктердегi қаржы тұрақтылығын нығайту, банктердiң жарғылық қорларындағы мемлекет үлесiнiң бақыланбай жұтылып кетуiн болдырмау, аталған мемлекеттiк үлеске жекешелендiру жүргiзу үшiн шарт дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1995 жылғы 15 наурыздан бастап, мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi кәсiпорындардың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына ақша қаражаты мен мүлiктi орналастыруына тыйым салынсын.
      2. Екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына акциялардың мемлекеттiк бақылау пакеттерiмен қоса, қаражат және мүлiк енгiзген мемлекеттiк кәсiпорындар мен кәсiпорындар, екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына енгiзiлген активтер сомаларына кемiтулер жүргiзсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1996.02.08. N 179
               қаулысымен. P960179_
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1995 жылғы 1 сәуiрге дейiн "Қазагроөнеркәсiпбанк", "Alem Bank Каzакstаn", "Қазкредәлеуметбанк", "Тұранбанк" акционерлiк банктерiндегi мемлекеттiк басқару органдарының үлесiн қайта бағалау туралы ұсынысты осы банктерге олар мамандандырылған мемлекеттiктен акционерлiк банк болып қайта өзгертiлген сәтте және содан кейiнгi кезеңде берiлген мемлекеттiк мүлiк пен ақша қаражатының нақты құнын қалпына келтiрудi есте ұстай отырып әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi банктердi ұйымдық қайта өзгерту туралы ұсыныс енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, әрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне банктердегi мемлекеттiң үлесiн жекешелендiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      6. Мемлекеттiң банктердi бақылау кеңестерiндегi өкiлдерiн

(мемлекеттiң жарғылық қордағы үлесiне сәйкес) Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi тағайындайды деп белгiленсiн.
     7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банктердiң бақылаушы
кеңестерiндегi мемлекеттiң өкiлдерiне қатысты мәселелер жөнiндегi
кейбiр шешiмдерiнiң күшi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес,
жойылды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi  
                                       Қазақстан Республикасы   
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1995 жылғы 20 наурыздағы
                                             N 304 қаулысына
                                                   Қосымша

              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банктердiң
              бақылаушы кеңестерiндегi мемлекеттiң өкiлдерiне
              қатысты күшiн жоғалтқан кейбiр шешiмдерiнiң
                            ТIЗБЕСI



      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тұранбанк" Қазақ акционерлiк банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 117 қаулысының 2-тармағы.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Alem Bank Kazakstan" акционерлiк банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 11 сәуiрдегi N 366 қаулысының 2-тармағы.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазагроөнеркәсiпбанк" акционерлiк банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 19 сәуiрдегi N 403 қаулысының 2-тармағы.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазкредәлеуметбанк" акционерлiк банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 21 сәуiрдегi N 419 қаулысының 2-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң акционерлiк банктердегi өкiлдерi туралы" 1994 жылғы 10 қарашадағы N 1256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 45, 490-бап).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады