"Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының шотын Қазақстан Республикасының Халық банкiне аудару туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 ақпан N 212. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.02. N 1225 қаулысымен. ~P981225

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының есеп айырысу шоттары /валюталық және теңгелiк/ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiнен Қазақстан Республикасының Халық банкiне аударылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 P951582_ қаулысымен /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 462-бап/ бекiтiлген "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қоры туралы Ережеге екi апта мерзiмде өзгерту енгiзiлсiн.
      3. Аталған қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiне қатысты бөлiгiнде 3 және 4-тармақтардың күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


О переводе счета республиканского внебюджетного фонда "Новая столица" в Народный банк Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 1996 г. N 212. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 2 декабря 1998 г. N 1225 ~P981225.

     Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Расчетные счета республиканского внебюджетного фонда "Новая столица" (валютный и теньговый) перевести из государственного Банка жилищного строительства Республики Казахстан в Народный банк Республики Казахстан.
      2. Государственной комиссии Республики Казахстан по передислокации высших и центральных государственных органов в город Акмолу в двухнедельный срок внести изменения в Положение о республиканском внебюджетном фонде "Новая столица", утвержденное постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1995 г. N 1582 P951582_ "О республиканском внебюджетном фонде "Новая столица" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 36, ст. 462).
      3. Признать утратившим силу пункты 3 и 4 вышеназванного постановления в части государственного Банка жилищного строительства Республики Казахстан.
      Премьер-Министр
   Республики Казахстан