1. Ақмола қаласын абаттандыруға бюджеттен тыс қаржыны жинақтау үшiн "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры құрылсын.
2. "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
3. "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорының қаржысы заңды тұлғалар мен жеке адамдардың, оның iшiнде шетелдiктердiң ерiктi аударымдары, жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттен тыс қаражаты, аталған органның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылыс банкiнiң депозиттерiне салынған басы бос қаржысын орналастырудан түскен табыстар түрiндегi бюджеттен тыс көздердiң есебiнен құралады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiмен және Экономика министрлiгiмен бiрлесiп, және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiп, "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi қаржыландыру және кредит берудiң Ережесiн бiр ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет астананы көшiру және Ақмола қаласын, оның ықпал ету аймағын дамыту жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру үшiн шетелдiк инвестицияларды тарту мүмкiндiгiн екi ай мерзiмде пысықтап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасының экономика министрлiгiмен бiрлесiп, Астана қаласын салу және инфрақұрылымын дамытуға қатысқан жағдайда инвесторларға салық,
кеден және өзге жеңiлдiктерiн, соның iшiнде шетелдiктерге де, беру жөнiндегi ұсыныстарын екi ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.11.25. N 1197 қаулысымен. P981197_ Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 қаулысымен бекiтiлген <*> ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1998.11.25. N 1197 қаулысымен. P981197_ "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы Ереже
1. "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры /бұдан әрi - Қор/ Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Астана қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы жанынан Астана қаласын абаттандыру жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн бюджеттен тыс қаржыны жинақтау мақсатында құрылады. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.03.
19. N 335 қаулысымен. P960335_
2. Қор заңды тұлға болып табылады және осы Ережеде айқындалған құқықтарды пайдаланады. Қордың дербес балансы, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған дөңгелек мөрi, Қазақстан Республикасының Халық банкiнде ашылатын валюталығын қоса, есепшоттары бар. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
03.19. N 335 қаулысымен.
3. Қорды қалыптастырудың көздерi мыналар болып табылады:
заңды тұлғалар мен жеке адамдардың, соның iшiнде шетелдiктердiң ерiктi аударымдары;
жергiлiктi атқару органдарының бюджеттен тыс қаржы есебiнен ерiктi аударымдары;
Қазақстан Республикасының Халық банкiнiң депозиттерiне қордың басы бос қаржысын салудан түскен табыстар. <*>
республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына көшірілген мемлекеттік органдардың орталық аппараттары қызметкерлерінің тұрғын үйді сатып алуынан және аталған қордың қаражаты есебінен жаңадан салынған тұрғын үйлердегі тұрғын жайларды заңдарда белгіленген тәртіппен өзге де жеке және заңды тұлғаларға сатудан алынған ақша. <*>
Ескерту. 3-тармақтың 4-шi абзацына өзгертулер енгiзiлдi - ҚР
Үкiметiнiң 1996.03.19. N 335 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1998.11.25. N 1197 қаулысымен. P981197_
4. Қордың қаражаты Қазақстан Республикасының жаңа астанасын абаттандыру және Астана қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.
5. Қордан қаржыландыру Қазақстан Республикасының астанасын көшiру және Астана қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес қатаң жүргiзiледi.
6. Қордың қаржысы есебiнен жұмыстарды қаржыландыру мен кредит беру "Жаңа астана" бюджеттен тыс қорынан жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi қаржыландыру мен кредит беру Ережесiне сәйкес, шарттық негiзде, Қазақстан Республикасының Халық банкi арқылы жүзеге асырылады. <*>
Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.03.
19 N 335 қаулысымен.
7. Қордың қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржыминi, Экономминi, Құрылысминi, Қазақстан Республикасының Халық банкi және Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Астана қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы өкiлдерiнен құрылған Қордың байқаушы кеңесi жүзеге асырады. <*>
Байқаушы кеңеске Қазақстан Республикасының астанасын көшiру және Астана қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде, қордың қаражатының пайдаланылуының басым бағыттары жөнiнде жедел шешiмдер қабылдау өкiлеттiгi берiледi.
Ескерту. 7-тармақтың 1-шi абзацына өзгерiстер енгiзiлдi -
1996.03.19. N 335 қаулысымен.
8. Қордың дирекциясы оның басқару органы болып табылады.
Қордың дирекциясы туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiтедi. <*>
Қордың дирекциясына астананы көшiру және Астана қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың мемлекеттiк бағдарламасында қарастырылған шығындардың уақтылы және толық қаржыландырылуына толық жауапкершiлiк жүктеледi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
03.19. N 335 қаулысымен.
9. Қордың дирекциясын ұстау, оның материалдық-техникалық базасының шығындары Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Астана қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен сметаның шегiнде қордың қаражаты есебiнен жүргiзiледi. <*>
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
03.19. N 335 қаулысымен.
10. Дирекцияны Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Астана қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Аппараты Басшысының ұсынуы бойынша тағайындайтын Қордың директоры басқарып, қалыптастырады. <*>
Қордың қаражатының мақсатты пайдаланылуына қордың директоры жеке жауап бередi.
Қор дирекциясы аппаратының санын Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Астана қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы бекiтедi. <*>
Ескерту. 10-тармаққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi -
ҚР Үкiметiнiң 1996.03.19. N 355 қаулысымен.
11. Қордағы есепке алу және есеп беру нормативтiк актiлермен белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
12. Қорды қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Астана қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Аппараты Басшысының ұсынуы бойынша <*> .
Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.19. N 335 қаулысымен. P960335_