1. "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының есеп айырысу шоттары /валюталық және теңгелiк/ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiнен Қазақстан Республикасының Халық банкiне аударылсын.
2. Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 P951582_ қаулысымен /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 462-бап/ бекiтiлген "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қоры туралы Ережеге екi апта мерзiмде өзгерту енгiзiлсiн.
3. Аталған қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiне қатысты бөлiгiнде 3 және 4-тармақтардың күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi