Қазақстан Республикасының рыноктарындағы тауарларды сату құқығы үшiн алымның мөлшерiн республиканың әртүрлi аймақтарында қалыптасқан рыноктардың конъюнктурасымен сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар сату құқығы үшiн алым туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 P950955_ қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24. 274-бап/ мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алымның шектi мөлшерi";
мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне рыноктарда тауарларды сату құқығы үшiн алымның мөлшерiн реттеу құқығы берiлсiн";
3-тармақ 4-тармақ болып саналсын.
Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы Ережеде:
2-тармақтың екiншi абзацында "енгiзiледi" сөзiнен кейiн "заңды және" сөздерiмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде салық қызметi органдарында тiркелген жеке адамдар Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым төлеуден босатылады";
7-тармақ "ұйымдар" сөзiнен соң "заңды және" сөздерiмен толықтырылсын.
7-тармақ 8-тармақ болып саналсын;
мынадай мазмұндағы жаңа 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым мемлекеттiк емес меншiк нысандарындағы рыноктарында рынок әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен шарттың қағидаларымен жүзеге асырылады деп белгiленсiн";
9-тармақ 10-тармақ болып саналсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi