Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Респубилкасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 23 ақпан N 234. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.04. N 840 қаулысымен. ~P980840

      Қазақстан Республикасының рыноктарындағы тауарларды сату құқығы үшiн алымның мөлшерiн республиканың әртүрлi аймақтарында қалыптасқан рыноктардың конъюнктурасымен сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар сату құқығы үшiн алым туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 P950955_ қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24. 274-бап/ мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алымның шектi мөлшерi";
      мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне рыноктарда тауарларды сату құқығы үшiн алымның мөлшерiн реттеу құқығы берiлсiн";
      3-тармақ 4-тармақ болып саналсын.
      Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы Ережеде:
      2-тармақтың екiншi абзацында "енгiзiледi" сөзiнен кейiн "заңды және" сөздерiмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде салық қызметi органдарында тiркелген жеке адамдар Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым төлеуден босатылады";
      7-тармақ "ұйымдар" сөзiнен соң "заңды және" сөздерiмен толықтырылсын.
      7-тармақ 8-тармақ болып саналсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым мемлекеттiк емес меншiк нысандарындағы рыноктарында рынок әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен шарттың қағидаларымен жүзеге асырылады деп белгiленсiн";
      9-тармақ 10-тармақ болып саналсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады