Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар сату құқығы үшiн алым туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 12 шiлде N 955. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.09.04. N 840 қаулысымен. ~P980840

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      I. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы Ереже;
      Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алымның шектi мөлшерi. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1996.02.23.
               N 234 қаулысымен. P960234_
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      рыноктарда тауарларды сату құқығын куәландыратын талондарды сатып алуды оңайлатуды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ халыққа қолайлы жерлерден сауда алаңы мен үй-жайларын бөлсiн;
      типографиялық тәсiлмен талондар әзiрлеудi қамтамасыз етсiн;
      олардың мақсатына, орналасқан жерiне, сауда алаңдарының

көлемiне және техникалық жарақтануына байланысты рыноктардың
санаттарын белгiлесiн.
     3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне рыноктарда
тауарларды сату құқығы үшiн алымның мөлшерiн реттеу құқығы 
берiлсiн.
<*>

     Ескерту. 3-тармақ жаңа - ҚРМК-нiң 1996.02.23. N 234 
              қаулысымен. 

P960234_

 
     4. Жергiлiктi жерлердегi салық қызметiнiң органдары осы
қаулының орындалуына бақылау жасайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

                           Қазақстан Республикасы
                           Министрлер Кабинетiнiң
                           1995 жылғы 12 шiлдедегi
                           N 955 қаулысымен
                                 бекiтiлген
           Қазақстан Республикасының рыноктарында
           тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы
                       Е Р Е Ж Е


      I. Осы Ережеге сәйкес тауарларды сатуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен тауарларды, сондай-ақ олар үшiн арнайы бөлiнген орындарда өздерiне тиесiлi мүлiктерiн сатуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары не азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының рынокторында тауарларды сату құқығы үшiн алым төлеушiлер болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым белгiлi бiр мерзiмге тауарлар мен мүлiктi бiр жолғы сату құқығын куәландыратын талондар сатып алу үшiн күн сайынғы ақы нысанында алынады.
      Алымды рынок қызметкерлерi алады, оны сауда басталғанға дейiн жеке және заңды тұлғалар төлейдi. Төленген алым сомалары қайтарылмайды. <*>
      Алым түрiнде рынок кассасына түскен қаражат белгiленген заң тәртiбiмен күн сайын инкасацияланады және тиiстi жергiлiктi бюджеттер есебiне жазылады.
      Ескерту. 2-тармақтың 2-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР
               Үкiметiнiң 1996.02.23. N 234 қаулысымен.
      3. Алым төлеушiлер салық қызметi қызметкерлерiнiң талабы бойынша өздерi сатып алған бiр жолғы талонын көрсетуге мiндеттi.
      Салық органдары алымның түсуiне бақылау жасайды.
      4. Сатып алған талондарды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
      5. Талондарды бiр күннен отыз күнге дейiнгi мерзiмге беруге рұқсат етiледi, бұл орайда алым сомасы күн санына сайма-сай арттырылады.
      6. Барлық санаттағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оған теңестiрiлген адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық Қаhарманы" атағы бар, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, зейнеткерлер, "Алтын Алқа" және "Ардақты ана" атағына ие болған көп балалы аналар белгiленген алым мөлшерiнiң 50 проценттiң төлейдi.
      7. Кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде салық қызметi органдарында тiркелген жеке адамдар Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы үшiн алым төлеуден босатылады. <*>
      Ескерту. Ереже жаңа 7-шi тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң
               1996.02.23. N 234 қаулысымен.
      8. Бiр жолғы талондарды сатып алмай сауда жасаушы жеке

және заңды тұлғалар алым төлеуден жалтарушылар болып есептеледi.
<*>

     Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi, 7-тармақ 8-шi тармақ
              болып саналды - ҚР Үкiметiнiң 1996.02.23. N 234
              қаулысымен.
     9. Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды сату құқығы
үшiн алым мемлекеттiк емес меншiк нысандарындағы рыноктарда рынок
әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен шарттың 
қағидаларымен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 
<*>

     Ескерту. Қаулы 9-шы тармақпен толықтырылды, 8 тармақ 10 болып
              саналды - ҚР Үкiметiнiң 1996.02.23. N 234 қаулысымен.
     10. Талон бермеген рынок қызметкерлерi қолданып жүрген
заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
                           Қазақстан Республикасы
                           Министрлер Кабинетiнiң
                           1995 жылғы 12 шiлдедегi
                           N 955 қаулысымен
                             бекiтiлген
         Қазақстан Республикасының рыноктарында
         тауарларды сату құқығы үшiн алым мөлшерi
                         есептiк көрсеткiшке процентпен
                         бiр күнгi сауда-саттық үшiн
<*>

________________________________________________________________
          Рыноктың  мамандануы       |      Рынок  санаты
                                     |__________________________
_____________________________________|___I__|___II___|___III____
________________I____________________|___2__|____3___|____4_____
 1. Азық-түлiк (көтерме сауда):
     машинадан сату                    300    200      100
     жаймадан сату                     100     60       30
       Оның iшiнде:
    Азық-түлiк (көкөнiс, жемiс-жидек,
                ашыған сүт өнiмдерi,
                кептiрiлген жемiстер
                бал):
     машинада сату                     300    200      100
     жаймадан сату                     100     60       30
     қолдан сату                        30     20       10
    Азық-түлiк (ет өнiмдерi)            50     30       20
    Гүлдер                             100     60       20
 2. Заттай:
     контейнерден сату                 300    200      100
     машинадан сату                    200    100       50
     жаймадан сату                     100     60       30
     қолдан сату                        30     20       10
 3. Автомобиль:
     автомотокөлiгiнiң I өлшемiн сату  200    100       50
          босалқы бөлшектер сату       200    100       50
 4. Бағымдағы мал:
     iрi қара мен жылқы сату            80     40       20
     басқа малдарды сату                50     30       20
     құс сату                           30     20       10
    Басқа да үй малдарын, құстарын,
    аңдарын сату                        50     30       20
     ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09.
              N 987 қаулысымен. 

P960987_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады