1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
осы қаулыға қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне сатуға берсiн;
"Павлодарстекло" бiрлескен кәсiпорнының ұйымдық-құқықтық нысанын қолданылып жүрген заңдармен сәйкестендiрсiн, оның жарғылық қорындағы мемлекеттiк үлестiң көлемiн анықтап, оны Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен және мерзiмде сатуға берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша сатсын.
3. "Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 905 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 39, 451-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 245 қаулысына қосымша
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi сатуға
жататын акционерлiк қоғамдардың ТIЗБЕСI "Ферросплавмехремонт" АҚ, Павлодар облысы "Востокэнергоремонт" АҚ, Павлодар облысы "Металлургремонт" АҚ, Павлодар облысы "Молоко" АҚ, Павлодар облысы