"Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 ақпан N 245

      Реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын орындау үшiн, жекешелендiру процестерiн жеделдету мақсатында сондай-ақ "Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясының заңды тұлға бола алмағанын және осының салдарынан "Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына енгiзiлген кәсiпорындарды басқару жөнiндегi қызметтi орындай алмағанын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      осы қаулыға қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне сатуға берсiн;
      "Павлодарстекло" бiрлескен кәсiпорнының ұйымдық-құқықтық нысанын қолданылып жүрген заңдармен сәйкестендiрсiн, оның жарғылық қорындағы мемлекеттiк үлестiң көлемiн анықтап, оны Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен және мерзiмде сатуға берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша сатсын.
      3. "Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 905 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 39, 451-бап) күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 245 қаулысына қосымша


                Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi сатуға

                    жататын акционерлiк қоғамдардың
                               ТIЗБЕСI

     "Ферросплавмехремонт" АҚ, Павлодар облысы
     "Востокэнергоремонт" АҚ, Павлодар облысы
     "Металлургремонт" АҚ, Павлодар облысы
     "Молоко" АҚ, Павлодар облысы 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады