Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
Мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
(1-тармақ) .
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.06.28.
N 819 қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 P950974_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-бап) қосымшасындағы:
"Iшетiн этил спиртi" және "Тағамдық шикiзаттан өндiрiлген тазартылған этил спиртi (өңдеу үшiн босатылған ликер-арақ бұйымдарынан, күшейтiлген сусындардан, күшейтiлген шырындардан, шараптардан, Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шығаратын бальзамнан басқа (олардың аталған өнiмдерi өндiруге құқығының бар екендiгiне лицензиялары бар болған жағдайда)" деген жолдар мынадай редакцияда берiлсiн:
"Спирттiң барлық түрлерi (өңдеу үшiн босатылған ликер-арақ
бұйымдарынан, күшейтiлген сусындардан, күшейтiлген шырындардан,
шараптардан, Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шығаратын
бальзамнан басқа (олардың аталған өнiмдердi өндiруге құқығының бар
екендiгiне лицензиялары бар болған жағдайда)";
"Шараптар" деген жолдан кейiн мынадай жолмен толықтырылсын
"Маркалы шараптар 0,15 экю/литр";
"Коньяктар" жолы бойынша "0,4" саны "0,3" санымен алмастырылсын.
3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi