Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 наурыз N 341. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1747 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      Мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      (1-тармақ) .
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.06.28.
               N 819 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 P950974_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-бап) қосымшасындағы:
      "Iшетiн этил спиртi" және "Тағамдық шикiзаттан өндiрiлген тазартылған этил спиртi (өңдеу үшiн босатылған ликер-арақ бұйымдарынан, күшейтiлген сусындардан, күшейтiлген шырындардан, шараптардан, Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шығаратын бальзамнан басқа (олардың аталған өнiмдерi өндiруге құқығының бар екендiгiне лицензиялары бар болған жағдайда)" деген жолдар мынадай редакцияда берiлсiн:

 

     "Спирттiң барлық түрлерi (өңдеу үшiн босатылған ликер-арақ

бұйымдарынан, күшейтiлген сусындардан, күшейтiлген шырындардан,

шараптардан, Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шығаратын

бальзамнан басқа (олардың аталған өнiмдердi өндiруге құқығының бар

екендiгiне лицензиялары бар болған жағдайда)";

     "Шараптар" деген жолдан кейiн мынадай жолмен толықтырылсын

     "Маркалы шараптар                 0,15 экю/литр";


     "Коньяктар" жолы бойынша "0,4" саны "0,3" санымен алмастырылсын.


     3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады