1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң қайталама ресурстар жүйесiнiң қызметiн нарық жағдайында "Қызылорда целлюлоза-картон комбинаты" және "Вторма" акционерлiк қоғамдарының базасында оңалту жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi "Вторма" акционерлiк қоғамы (Алматы қаласы) акцияларының мемлекеттiк пакетiн жабық тендерде, оның шарттарына сатып алушыға арналған мынадай шараларды қоса отырып сатуды жүзеге асырсын: 10 жыл бойы қайталама шикiзат (макулатура, шүберек, шыны сынықтарын) жинау жүйесiн сақтау; жиналған қайталама шикiзатты республика кәсiпорындарында қайта өңдеу; 1996 жылдан бастап, қайталама ресурстарын жинау жүйесiнде қосымша жұмыс орындарын құру. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi