"Вторма" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату жөнiндегi жабық тендер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 25 наурыздағы N 347

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес және қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң қайталама ресурстар жүйесiнiң қызметiн нарық жағдайында "Қызылорда целлюлоза-картон комбинаты" және "Вторма" акционерлiк қоғамдарының базасында оңалту жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк

комитетi "Вторма" акционерлiк қоғамы (Алматы қаласы) акцияларының
мемлекеттiк пакетiн жабық тендерде, оның шарттарына сатып алушыға
арналған мынадай шараларды қоса отырып сатуды жүзеге асырсын:
     10 жыл бойы қайталама шикiзат (макулатура, шүберек, шыны
сынықтарын) жинау жүйесiн сақтау;
     жиналған қайталама шикiзатты республика кәсiпорындарында қайта
өңдеу;
     1996 жылдан бастап, қайталама ресурстарын жинау жүйесiнде
қосымша жұмыс орындарын құру.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады