"Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды көшiру жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 1291 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
қаулының атауындағы және 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы
"мемлекеттiк органдарды" сөздерiнен кейiн "Ақмола қаласына" сөздерi қосылсын; 2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары" сөздерi "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" сөздерiмен алмастырылсын; 7-тармақтағы "Комиссияны" сөзi "Комиссия аппаратын" сөзiмен алмастырылсын; 8-тармақтағы "Комиссия" сөзi "Комиссия аппараты" сөзiмен алмастырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi