Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 1291 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 457

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды көшiру жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 1291 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      қаулының атауындағы және 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы

"мемлекеттiк органдарды" сөздерiнен кейiн "Ақмола қаласына" сөздерi
қосылсын;
     2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары" сөздерi "Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" сөздерiмен алмастырылсын;
     7-тармақтағы "Комиссияны" сөзi "Комиссия аппаратын" сөзiмен
алмастырылсын;
     8-тармақтағы "Комиссия" сөзi "Комиссия аппараты" сөзiмен
алмастырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады