Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 мамыр N 619

      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару есебiнен бюджет тапшылығын инфляциядан тыс толтырудың үлесiн арттыру және халықтың жинақтарын инфляция процесiне құнсызданудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы Ережеге сәйкес 1996 жылы нақты құны бiр мың теңге, жалпы көлемi 1300 миллион теңге және айналыс мерзiмi 364 күн болатын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығаруға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк iшкi займын шығару мен айналысқа қосуға депозитарлық қызмет көрсету туралы бас агенттiк келiсiм жасасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан

 

Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша ұлттық жинақ

облигацияларын орналастыру және оған көмекшi депозитарлық қызмет

көрсету жөнiндегi қаржы агенттерiн айқындау үшiн екiншi дәрежелi

банктер арасында тендер өткiзсiн.

     5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне бас қаржы агентi

ретiнде қаржы агенттерiмен агенттiк келiсiм жасау ұсынылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                         1996 жылғы 21 мамырдағы

                                             N 619 қаулысымен

                                               Бекiтiлген


         Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займның

         ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа

               қосу және өтеу шарттары туралы

                          Ереже



 
       1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын (бұдан әрi - Ереже) шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
      2. Ұлттық жинақ облигациялары мемлекеттiк бағалы қағаз болып табылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тарапынан республикалық бюджеттiң ағымдағы тапшылығын материалдық емес тiркелетiн нысанда шығарылған уақытынан бастап 364 күн (52 апта) айналыс мерзiмiмен, мерзiмінен бұрын өтеу құқығынсыз қаржыландыру мақсатында тоқсанның кез келген айының үшіншi немесе төртiншi аптасында бiр рет шығарылады, бас қаржы агентiнiң депозитарийiне депо-шотқа жазу жолымен орналастырылады.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
      3. Ұлттық жинақ облигацияларына үш айлық мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi (бұдан әрi - МЕҚҚАМ) немесе үш айлық мемлекеттік индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi (бұдан әрi - МЕИҚАМ) орналастыру жөнiндегi тиiстi аукционда қалыптасқан ставка бойынша сыйақы (мүдде) есептеледi. Сыйақы (мүдде) тоқсан сайын он төртiншi, жиырма жетiншi, қырқыншы және елу үшiнші аптада, яғни эмиссиядан кейiнгi олардың айналысының 92, 183, 274 және 364-шi күнiнен бастап төленедi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      4. Ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақы (мүдде) олардың айналысының әрбiр тоқсаны үшiн есептеледi. Ұлттық жинақ облигациялары айналысының бiріншi тоқсаны үшiн сыйақы (мүдде) ставкасы жазылым басталғаны жарияланған уақыттың алдындағы МЕҚҚАМ аукционында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi.
      Егер МЕҚҚАМ аукционы өткiзiлген күн мен жазылым басталғаны хабарланған күннiң арасында МЕИҚАМ аукциондары өткiзiлсе, сыйақы (мүдде) ставкасы осы кезеңде өткiзiлген МЕИҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi. Кейiнгi тоқсандар үшiн ол - тиiстi тоқсанның бiрiншi аптасында өткiзiлген МЕҚҚАМ аукционында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең, ал мұндай аукцион өткiзiлмеген кезде - өткiзiлген МЕҚҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең.
      Соңғы МЕҚҚАМ аукционы өткiзiлген күнi мен сыйақы (мүдде) есептелетін кезеңнiң басталуы арасындағы кезеңде МЕИҚАМ аукциондары өткiзiлсе, ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы осы кезеңде өткiзiлген МЕИҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.09.25. N 1172
               қаулысымен. P961172_
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
      4-1. Сыйақының (мүдденiң) ставкасы МЕИҚАМ бойынша пайдаланылған жағдайда, ағымдағы төлеуге жататын ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақының (мүдденiң) сомасы МЕИҚАМ ставкасы бойынша айқындалған сыйақы (мүдде) сомасынан басқа, сыйақыны (мүдденi) төлеу жүргiзiлетiн айдың алдындағы үш айлық кезең үшiн ұлттық жинақ облигацияларына салынған инвесторлар қаражатының инфляциясынан болған зиянды өтеу сомасын қамтиды және мынадай формула бойынша айқындалады:
      S=N*I/100+С
      мұнда С, теңге - МЕИҚАМ аукционында белгiленген сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша айналыстың тиiстi кезеңi үшiн есептелген сыйақы (мүдде) сомасы;
      N, теңге - сыйақы (мүдде) есептелетін ұлттық жинақ облигацияларының номиналды құны;
      S, теңге - ағымдағы төлеуге жататын ұлттық жинақ облигацияларының сыйақы (мүдде) сомасы;
      I, % - сыйақы (мүдде) төлеу жүзеге асырылған үш айлық кезеңдегi инфляция (тұтыну бағаларының индексiнен жүз шегерiлген).
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.07.
               N 1324 қаулысымен. P991324_
 
      5. Ұлттық жинақ облигацияларының көрсетiлген құнын өтеу соңғы сыйақы (мүдде) сомасын төлеумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Мiндеттеме мiндеттеменiң шарттары мен заңның талабына сәйкес тиiстi дәрежеде атқарылуы қажет. Мiндеттемелердi атқарудан бiр жақты бас тартуға және оның шарттарын бiр жақты өзгертуге жол берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
      6. Ұлттық жинақ облигациялары Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналыста болады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заңды тұлғалар да және жеке адамдар да - Қазақстан Республикасының резиденттерi де және резидентi еместер де оларды ұстаушылар бола алады.
      7. Ұлттық жинақ облигациялары эмиссия белгiлеген көлемнiң шегiнде, әрқайсысы жеке шығарылым болып табылатын және бiр-бiрiне ұқсас ерекше нөмiрi болатын сериялармен шығарылады. Ұлттық жинақ облигацияларының әр шығарылымына бiреуi бас қаржы агентiнiң депозитарийiнде депониттелетiн, ал екiншiсi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде сақталатын ауқымды сертификат екi данада ресiмделедi.
      8. Ұлттық жинақ облигацияларының әрбiр эмиссиясын жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге сәйкес ұлттық жинақ облигацияларын кодтау және оларға ұлттық бiр-бiрiне ұқсас нөмiрлер беру үшiн қажеттi ұсыныстар мен материалдар жолдайды.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
               қаулысымен. P011369_
      9. 1996 жылға арналған ұлттық жинақ облигациялары эмиссиясының көлемi - "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес 1,3 млрд, теңге жалпы сомада, ал одан әрi тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес айқындалады.
      10. Ұлттық жинақ облигацияларын Қазақстан Республикасы аумағында орналастыру "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша бас қаржы агентi болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырылады.
      Бас қаржы агентi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен жасалған агенттiк келiсiмге сәйкес ұлттық жинақ облигацияларының шығарылымына және айналымына түсуiне депозитарлық қызмет көрсетудi, ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың әрқайсысы бойынша депо-шоттар жүргiзудi, облигацияға меншiк құқығы мен осы құқықтың кез келген ауысуын есепке алуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бас қаржы агентi тапсыратын жиынтық ведомостың негiзiнде сыйақы (мүдде) төлеудi және ұлттық жинақ облигацияларын өтеудi жүзеге асырады.
      Сыйақыны (мүдденi) МЕИҚАМ ставкасы бойынша айқындаған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберiлетін жиынтық ведомосқа, онымен бiрге сыйақыны (мүдденi) төлеу жүргiзiлетін айдың алдындағы үш айлық кезең үшiн тұтыну бағалары индексiнiң дәрежесi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.09.07. N 1324 қаулысымен. P991324_
 
      11. Ұлттық жинақ облигацияларын инвесторлар арасында орналастыру ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру және айналымда болуына көмекшi депозитарлық қызмет көрсету туралы бас қаржы агентiнен жасалған агенттiк келiсiмдердiң негiзiнде, бас қаржы агентi депозиттарының көмекшi депозитарийi рөлiн орындаушы қаржы агенттерi - екiншi дәрежелi банктер арқылы жазылу жолымен жүзеге асырылады.
      12. Қаржы агентiнiң депозитарийi осы қаржы агентi қызмет көрсететiн ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың әрқайсысы бойынша депо-шарттар жүргiзедi және облигацияларға меншiк құқығы мен осы құқықтың кез-келген ауысуының есебiн жүзеге асырады.
      13. Қаржы агенттерiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бас қаржы агентiмен бiрлесiп, екiншi дәрежелi банктер арасында тендер өткiзу жолымен айқындайды. Бас қаржы агентi олармен ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру мен айналысқа қосуға көмекшi депозитарлық қызмет көрсету туралы және ұлттық жинақ облигацияларының қаржы агенттерiнiң бас қаржы агентiнен агенттiк келiсiмдерде ескерiлген көлемде ұлттық жинақ облигацияларын сатып алу шарттары мен мiндеттемелерiн қоса есептегендегi қаржы агенттерiнiң ұлттық жинақ облигацияларын алуының барлық шарттары қарастырылатын әрбiр жеке шығарылымына арнап агенттiк келiсiм жасайды.
      14. Қаржы агенттерiнiң ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру мен айналысқа қосуға көмекшi депозитарлық қызмет көрсету, сыйақы (мүдде) тоқсандық сомасын төлеу мен облигациялардың көрсетiлген құнын өтеу жөнiндегi шығындары бас қаржы агентiмен жасалатын агенттiк келiсiмдерде ескерiлетiн комиссиялық сыйақылармен өтеледi, сыйақының (мүдденiң) тоқсандық сомасын төлеумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тарапынан төленедi. Қаржы агенттерiне төленетiн комиссиялық сыйақы олар орналастырған облигациялар көлемiнiң жылдық 5 процентiнен аспауы керек және оның iшiнде қаржы агенттерiнiң ұлттық жинақ облигацияларына көмекшi депозитарлық қызмет көрсетуге, жарнамаға және инвесторлар арасында түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуге арналған барлық шығындары кiредi.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      15. Инвесторларды ұлттық жинақ облигацияларына жазылудың басталуы және шығарылуы туралы құлақтандыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тарапынан бұқаралық ақпарат құралдары және қаржы агенттерi арқылы жинақ облигацияларының кезектi эмиссиясына жазылу басталуынан екi күнтiзбелiк апта бұрын жүргiзiледi. Хабарланатын ақпаратта мынадай мәлiметтер: ұлттық жинақ облигацияларына жазылу және сатып алу жөнiнде нұсқаулық (осы Ережеден көшiрме) олардың айналымында болу тәртiбi, эмиссияның күнi мен нөмiрi, айналымда болу мерзiмi, сыйақы (мүдде) төлеу мен өтеу күнi, сыйақы (мүдде) ставкасын есептеу әдiсi, жекелеген инвестор алатын ұлттық жинақ облигацияларының ең жоғарғы және ең төменгi мөлшерi, жазылуды жүргiзетiн қаржы агенттерiнiң тiзбесi, шығарылым өткiзiлгендiгiн тану шарттары болуы қажет.
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      16. Ұлттық жинақ облигацияларына жазылу он күнтiзбелiк күнге созылады және ұлттық жинақ облигацияларының айналымға қосылуы басталуына үш банк күнi қалғанда аяқталады. Инвесторлар ұлттық жинақ облигацияларына жазылуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша азаматтың тұратын жерiн, төлқұжаттық және нысан бойынша сұралатын, басқа да мәлiметтердi, алатын облигацияларының санын, тапсырыс берген күнi мен уақытын, осы жазылушыға қызмет көрсететiн қаржы агентiнiң атауын қосқандағы инвестор туралы толық мәлiмет көрсетiлуi қажет. Тапсырыс берумен бiр мезгiлде инвестор алынған ұлттық жинақ облигациялары үшiн тапсырыста көрсетiлген облигацияның санына сәйкес сомада ақы төлейдi. Тапсырыс бойынша ақы төлеу ұлттық валюта - теңгемен қолма-қол төлеу және аудару нысанында жүргiзiледi.
      17. Инвесторлар ұлттық жинақ облигацияларын алуға бiр мезгiлде бiрнеше қаржы агентiне тапсырыс бере алады. Инвесторлар жазылу жүргiзiлетiн барлық мерзiм iшiнде өз тапсырыстарын керi сұрата және күші жойылған өтінім бойынша сатып алуға жататын ұлттық жинақ облигациялары үшін төленген ақшалар ала алады. Мұндай жағдайда қаржы агентi бiр банк күнi iшiнде керi шақырылған тапсырысты жоюы және инвесторға ол тапсырыс бойынша төлеген соманы қайтаруы керек.
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      18. Қаржы агенттерi инвесторлардан тапсырысты және алатын ұлттық жинақ облигациялары үшiн төлемдi агенттiк келiсiмдерде көрсетiлген көлемге жеткенше қабылдайды, одан кейiн тапсырыстар қабылдау тоқтатылады. Егер тапсырыстардағы облигациялардың жалпы сомасы осы қаржы агентi мен бас қаржы агентiнiң арасында жасалған агенттiк келiсiмде көрсетiлген көлемнен аз болса, ұлттық жинақ облигацияларының сол көлемге жетпей тұрған саны агенттiк келiсiмде көрсетiлген шарттарға сәйкес қаржы агентi тарапынан сатып алынады.
      19. Жазылу мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi үш банк күнi iшiнде қаржы агенттерi агенттiк келiсiмдерде көзделген көлемде сатып алынған ұлттық жинақ облигацияларынан түскен қаражатты Қаржы министрлiгiнiң (N 1141456 арнаулы шотына жiбередi, бұдан кейiн бас қаржы агентi қаржы агенттерiне осы ұлттық жинақ облигациясының шығарылымына арнап оған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi берген ауқымды сертификаттың негiзiнде қаржы агенттерiнiң өздерi сатып алған көлемдердi қосқандағы олар орналастырған ұлттық жинақ облигацияларының көлемiне сертификаттар бередi.
      20. Инвесторларға проценттер төлеудi осы Ережеге сәйкес белгiленген және шығарылымның ауқымды сертификатында көрсетiлген ұлттық жинақ облигацияларын шығару шарттарында көзделген ставкалар бойынша қаржы агенттерi тоқсан сайын жүргiзедi. Инвесторларға ұлттық жинақ облигациялары бойынша проценттер төлеу осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген күннен бастап он банкi күнi бойында жүргiзiледi. Егер осы мерзiм өткенде жеке тұлғалар-инвесторлар есептелген сыйақыны (мүддені) алмаған болса, қаржы агенттерi төленуге тиiстi сыйақыларды (мүдделерді) олар бойынша сыйақы (мүдде) қосып есептеу шартымен талап етуi арқылы берiлетiн арнаулы жинақ шоттарына салады және оны инвестор талап еткен бойда төлейдi. Ұлттық жинақ облигациялары бойынша заңды тұлғалар-инвесторлар талап етпеген сыйақының (мүдденің) тоқсандық сомасымен қаржы агенттерi инвестордың есеп айырысу (ағымдағы) шоттарына аударады. Бұл ретте Қаржы министрлiгi талап етiлмеген тоқсандық сыйақыға (мүддеге) үстеме сыйақы (мүдде) есептеу жүргiзбейдi.
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1996.09.25.
               N 1172 қаулысымен. P961172_
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      21. Ұлттық жинақ облигацияларының сыйақының (мүдденің) соңғы тоқсандық сомаларын төлеу және нақты құнын өтеу осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген күннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн бойы, осы Ереженiң 20-тармағында жазылған тәртiппен жүргiзiледi. Осы мерзiм өткен соң облигациялардың талап етiлмеген сыйақы (мүдде) сомасы мен нақты құнына осы Ереженiң 20-тармағында жазылған тәртiп қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.09.25.
               N 1172 қаулысымен. P961172_
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      22. Ұлттық жинақ облигацияларының операциялары сыйақы (мүдде) төлеу мен өтеудiң хабарланған мерзiмiне жетi күн қалғанда тоқтатылады. Осы уақыт iшiнде бас қаржы агентi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне сыйақы (мүдде) мен өтемдi есептеу жүргiзiлетiн ұлттық жинақ облигацияларының саны және әрбiр қаржы агентi бойынша төлем сомасы туралы мәлiмет кiретiн өтеуге арналған жиынтық ведомосты ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      23. Сыйақының (мүдденің) тоқсандық сомасын төлеу мен ұлттық жинақ облигацияларын өтеу үшiн қажеттi қаражаттарды Қаржы министрлiгi қаржы агенттерiнiң корреспонденттiк шотына, бас қаржы агентi ұсынған мәлiметтердiң негiзiнде, сыйақы (мүдде) төлеу мен өтеудiң хабарланған күнiне дейiнгi бiр банк күнi iшiнде аударады.
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.07. N 1324
               қаулысымен. P991324_
 
      24. Ұлттық жинақ облигацияларына меншiк құқығының бiр ұстаушыдан келесiге ауысуы ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың жазбаша тапсырмаларының немесе электрондық тапсырмаларының негiзiнде сатушы мен сатып алушының депо-шоттарына тиiстi жазбалар енгiзу жолымен тек қана қаржы агенттерiнiң депозитарийi арқылы жүзеге асырылады. Кез-келген ұлттық жинақ облигацияларына меншiк құқығының ауысуы қаржы агенттерiнiң электрондық тапсырмалары негiзiнде бас қаржы агентiнiң депозитарийiнде көрсетiледi.
      25. Бас қаржы агентi қаржы агенттерiнiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады және олар бас қаржы агентiмен жасасқан агенттiк келiсiмдерде көрсетiлген өз қызметтерi мен мiндеттемелерiн қанағаттанғысыз орындаған немесе бұзған кезде олармен агенттiк келiсiмдi бiржақты тәртiп бұза алады.
      26. Ұлттық жинақ облигацияларымен операциялар бойынша салық салу тәртiбi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес айқындалады.
 

О выпуске национальных сберегательных облигаций государственного внутреннего займа Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 1996 г. N 619

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 21 декабря 1995 г. N 2700 U952700_ "О республиканском бюджете на 1996 год", а также в целях увеличения доли неинфляционного покрытия дефицита бюджета за счет выпуска государственных ценных бумаг и защиты сбережений населения от обесценения в процессе инфляции Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Положение об условиях выпуска, обращения и погашения национальных сберегательных облигации государственного внутреннего займа Республики Казахстан (прилагается).
      2. Разрешить Министерству финансов Республики Казахстан выпускать в 1996 году национальные сберегательные облигации государственного внутреннего займа Республики Казахстан номинальной стоимостью одна тысяча тенге в общем объеме 1300 млн. тенге и сроком обращения 364 дня согласно Положению об условиях выпуска, обращения и погашения национальных сберегательных облигаций государственного внутреннего займа Республики Казахстан.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан заключить с Национальным Банком Республики Казахстан генеральное агентское соглашение о депозитарном обслуживании выпуска и обращения национальных сберегательных облигаций государственного внутреннего займа Республики Казахстан.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан провести тендер среди банков второго уровня для определения финансовых агентов по размещению и субдепозитарному обслуживанию национальных сберегательных облигаций.
      5. Рекомендовать Национальному Банку Республики Казахстан как генеральному финансовому агенту заключить агентские соглашения с финансовыми агентами.
 

     Премьер-Министр

   Республики Казахстан



                                        Утверждено



                                постановлением Правительства

                                    Республики Казахстан

                                   от 21 мая 1996 г. N 619



 
 
                               ПОЛОЖЕНИЕ
              об условиях выпуска, обращения и погашения
        национальных сберегательных облигаций государственного
                внутреннего займа Республики Казахстан
 
      1. Настоящее Положение определяет условия и порядок выпуска, обращения и погашения национальных сберегательных облигаций государственного внутреннего займа Республики Казахстан (далее - национальные сберегательные облигации).
      2. Национальные сберегательные облигации являются государственными ценными бумагами, выпускаются Министерством финансов Республики Казахстан один раз на третьей или четвертой неделе любого месяца квартала с целью финансирования текущего дефицита республиканского бюджета в дематериализованной регистрируемой форме со сроком обращения 364 дня (52 недели), начиная с даты их выпуска, без права досрочного погашения; размещаются путем записи на счетах-депо в депозитарии генерального финансового агента.
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      3. На национальные сберегательные облигации начисляется вознаграждение (интерес) по ставке, сложившейся на соответствующем аукционе по размещению трехмесячных государственных краткосрочных казначейских обязательств (далее - МЕККАМ) или трехмесячных государственных индексированных казначейских обязательств (далее - МЕИКАМ). Вознаграждение (интерес) выплачивается ежеквартально на четырнадцатой, двадцать седьмой, сорок и пятьдесят третьей неделе, то есть, начиная с 92, 183, 274 и 364 дня их обращения после эмиссии.
      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      4. Вознаграждение (интерес) по национальным сберегательным облигациям начисляется за каждый квартал их обращения. Ставка вознаграждения (интереса) для первого квартала обращения национальных сберегательных облигаций устанавливается равной ставке вознаграждения (интереса), сложившейся на аукционе МЕККАМ, предшествовавшем объявленной дате начала подписки.
      Если в период между датой проведения аукциона МЕККАМ и объявленной датой начала подписки состоялись аукционы МЕИКАМ, ставка вознаграждения (интереса) устанавливается равной ставке вознаграждения (интереса), сложившейся на последнем из состоявшихся за этот период аукционов МЕИКАМ. Для последующих кварталов - равная ставке вознаграждения (интереса), сложившейся на аукционе МЕККАМ, проведенном на первой неделе соответствующего квартала, а при непроведении такого аукциона - равная ставке вознаграждения (интереса), сложившейся на последнем из проведенных аукционов МЕККАМ.
      В случае, когда в период между датой проведения последнего аукциона МЕККАМ и началом периода начисления вознаграждения (интереса) состоялись аукционы МЕИКАМ, ставка вознаграждения (интереса) по национальным сберегательным облигациям устанавливается равной ставке вознаграждения (интереса), сложившейся на последнем из состоявшихся за этот период аукционов МЕИКАМ.
      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      4-1. В случае использования ставки вознаграждения (интереса) по МЕИКАМ сумма вознаграждения (интереса) по национальным сберегательным облигациям, подлежащая текущей выплате, помимо суммы вознаграждения (интереса), определенной по ставке МЕИКАМ, включает сумму компенсации потерь от инфляции средств инвесторов, вложенных в национальные сберегательные облигации, за трехмесячный период, предшествующий месяцу, в котором производится выплата вознаграждения (интереса), и определяется по формуле:
      S=N*I/100+С
      где С, тенге - сумма вознаграждения (интереса), начисленная за соответствующий период обращения по ставке вознаграждения (интереса), определенной на аукционе МЕИКАМ;
      N, тенге - номинальная стоимость национальных сберегательных облигаций, на которую начисляется вознаграждение (интерес);
      S, тенге - сумма вознаграждения (интереса) по национальным сберегательным облигациям, подлежащая текущей выплате;
      I, % - инфляция (индекс потребительских цен минус сто) в трехмесячный период, за который осуществляется выплата вознаграждения (интереса).
      Сноска. Дополнено пунктом 4-1 - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      5. Погашение номинальной стоимости национальных сберегательных облигаций производится одновременно с выплатой последней суммы вознаграждения (интереса). Обязательство должно исполняться надлежащим образом в соответствии с условиями обязательства и требованиями законодательства. Недопустимы односторонний отказ от исполнения обязательств и одностороннее изменение его условий.
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      6. Национальные сберегательные облигации свободно обращаются на территории Республики Казахстан и их держателями могут быть как юридические, так и физические лица - резиденты и нерезиденты Республики Казахстан в соответствии с действующим законодательством.
      7. Национальные сберегательные облигации выпускаются сериями в пределах устанавливаемых объемов эмиссии, каждая из которых представляет собой отдельный выпуск и имеет уникальный идентификационный номер. На каждый выпуск национальных сберегательных облигаций оформляется глобальный сертификат в двух экземплярах, один из которых депонируется в депозитарии генерального финансового агента, а другой хранится в Министерстве финансов Республики Казахстан.
      8. При осуществлении каждой эмиссии национальных сберегательных облигаций Министерство финансов Республики Казахстан направляет в Национальный банк Республики Казахстан предложения и материалы, необходимые для кодификации национальных сберегательных облигаций и присвоения им национальных идентификационных номеров, в соответствии с действующими нормативными актами.
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 октября 2001 г. N 1369 P011369_ .
      9. Объемы эмиссии национальных сберегательных облигаций на 1996 год определяются согласно Указу Президента Республики Казахстан, имеющему силу Закона, от 21 декабря 1995 г. N 2700 "О республиканском бюджете на 1996 год" в общей сумме 1,3 млрд. тенге, а в дальнейшем - в соответствии с законом о республиканском бюджете на соответствующий год.
      10. Размещение национальных сберегательных облигаций на территории Республики Казахстан осуществляется через генерального финансового агента, в качестве которого выступает Национальный Банк Республики Казахстан, по соглашению с Министерством финансов Республики Казахстан в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О Национальном Банке Республики Казахстан".
      Генеральный финансовый агент в соответствии с генеральным агентским соглашением, заключенным с Министерством финансов Республики Казахстан, осуществляет депозитарное обслуживание выпуска и обращения национальных сберегательных облигаций, ведение счетов-депо по каждому держателю национальных сберегательных облигаций, учет прав собственности на облигации и любого перемещения этих прав. Министерство финансов Республики Казахстан производит выплату вознаграждения (интереса) и погашение национальных сберегательных облигаций на основании сводной ведомости, представляемой генеральным финансовым агентом.
      При определении вознаграждения (интереса) по ставке МЕИКАМ в сводную ведомость, направляемую в Министерство финансов Республики Казахстан, включаются в том числе и сведения о значении индекса потребительских цен за трехмесячный период, предшествующий месяцу, в котором производится выплата вознаграждения (интереса).
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      11. Размещение национальных сберегательные облигаций среди инвесторов осуществляется путем проведения подписки через финансовых агентов - банков второго уровня, выполняющих роль субдепозитариев депозитария генерального финансового агента на основании агентских соглашений, заключаемых с генеральным финансовым агентом, о размещении и субдепозитарном обслуживании обращения национальных сберегательных облигаций.
      12. Депозитарий финансового агента ведет счета-депо каждому держателю национальных сберегательных облигаций, обслуживаемому данным финансовым агентом, и осуществляет учет собственности на облигации и любого перемещения этих прав.
      13. Финансовые агенты определяются Министерством финансов Республики Казахстан совместно с генеральным финансовым агентом путем проведения тендера среди банков второго уровня. Генеральный финансовый агент заключает с ними агентские соглашения о размещении и субдепозитарном обслуживании обращения национальных сберегательных облигаций и на каждый отдельный выпуск национальных сберегательных облигаций, в которых предусматриваются все условия приобретения национальных сберегательных облигаций финансовыми агентами, включая условия и обязательства финансовых агентов выкупить у генерального финансового агента национальные сберегательные облигации в объемах, оговоренных в агентских соглашениях.
      14. Затраты финансовых агентов по субдепозитарному обслуживанию размещения и обращения национальных сберегательных облигаций, выплате вознаграждения (интереса) и погашению номинальной стоимости облигации компенсируются комиссионными вознаграждениями, которые оговариваются в агентских соглашениях, заключаемых с генеральным финансовым агентом, выплачиваются Министерством финансов Республики Казахстан одновременно с выплатой квартальной суммы вознаграждения (интереса). Комиссионные вознаграждения финансовым агентам не должны превышать 5 процентов годовых от размещаемого ими объема облигаций и включают в себя все затраты финансовых агентов на субдепозитарное обслуживание национальных сберегательных облигаций, рекламу и разъяснительную работу среди инвесторов.
      Сноска. В пункт 14 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      15. Оповещение инвесторов о начале подписки и выпуске национальных сберегательных облигаций производится Министерством финансов Республики Казахстан за две календарные недели до начала подписки на очередную эмиссию национальных сберегательных облигаций через средства массовой информации и финансовых агентов. Объявляемая информация должна содержать: инструкцию по подписке и приобретению национальных сберегательных облигаций (выписку из настоящего Положения), порядок их обращения, дату и номер эмиссии, срок обращения, дату выплаты вознаграждения (интереса) и погашения, метод расчета ставки вознаграждения (интереса), минимальный и максимальный объем приобретения национальных сберегательных облигаций единичным инвестором, список финансовых агентов, через которых может осуществляться подписка, условия признания выпуска национальных сберегательных облигаций состоявшимся.
      Сноска. В пункт 15 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      16. Подписка на национальные сберегательные облигации продолжается в течение десяти календарных дней и заканчивается за три банковских дня до начала обращения национальных сберегательных облигаций. При осуществлении подписки на национальные сберегательные облигации инвесторы заполняют заявку по форме, утверждаемой Министерством финансов Республики Казахстан, в которой необходимо указать иные данные об инвесторе, включая гражданство, место жительства, паспортные и другие истребуемые по форме данные, количество приобретаемых облигаций, дату и время подачи заявки, наименование финансового агента, обслуживающего данного подписчика. В случае, если инвестор является юридическим лицом, то в заявке указывается полное наименование инвестора, данные о первых руководителях и доверенных лицах, реквизиты и другие истребуемые по форме данные. Заполненная по установленной форме заявка представляется финансовому агенту, через которого осуществляется подписка на сберегательные облигации. Одновременно с подачей заявки инвестор производит оплату за приобретаемые национальные сберегательные облигации в сумме, соответствующей количеству облигаций, указанному в заявке. Оплата по заявкам может осуществляться как в наличной, так и в безналичной форме в национальной валюте - тенге.
     17. Инвесторы могут подавать заявки на приобретение национальных сберегательных облигаций одновременно нескольким финансовым агентам. В течение всего срока проведения подписки инвесторы могут отозвать свои заявки и получить деньги, уплаченные за национальные сберегательные облигации, подлежавшие приобретению по аннулируемой заявке. В этом случае финансовый агент должен в течение одного банковского дня аннулировать отзываемую заявку и выплатить инвестору сумму, оплаченную последним по заявке.
      Сноска. В пункт 17 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      18. Финансовые агенты принимают заявки и оплату за приобретаемые национальные сберегательные облигации от инвесторов до достижения объемов, оговоренных в агентских соглашениях, после чего прием заявок прекращается. В случае, если общая сумма облигаций в заявках меньше объема, оговоренного в агентском соглашении, заключенном между данным финансовым агентом и генеральным финансовым агентом, количество недостающих до данного объема национальных сберегательных облигаций выкупается финансовым агентом в соответствии с условиями, оговоренными в агентском соглашении.
      19. В течение трех банковских дней после окончания срока подписки финансовые агенты направляют средства от выкупаемых национальных сберегательных облигаций в объемах, предусмотренных в агентских соглашениях, на специальный счет N 1141456 Министерства финансов Республики Казахстан, после чего генеральный финансовый агент выдает финансовым агентам сертификаты на размещаемые ими объемы национальных сберегательных облигаций, включающие в себя объемы, выкупаемые самими финансовыми агентами на основании глобального сертификата на данный выпуск национальных сберегательных облигаций, выдаваемого ему Министерством финансов Республики Казахстан.
     20. Выплата вознаграждения (интереса) инвесторам производится финансовыми агентами ежеквартально по ставкам, определенным в соответствии с настоящим Положением и предусмотренным в условиях выпуска национальных сберегательных облигаций, отраженных в глобальном сертификате выпуска. Выплата инвесторам вознаграждения (интереса) по национальным сберегательным облигациям продолжается в течение десяти банковских дней, начиная с дней, указанных в пункте 3 настоящего Положения. Если по истечении этого срока начисленное вознаграждение (интерес) не было получено инвесторами - физическими лицами, финансовые агенты зачисляют причитающиеся к выплате вознаграждение (интерес) на специальные сберегательные счета до востребования, с условием начисления по ним вознаграждения (интереса), и выплачивают их по первому требованию инвестора. Квартальные суммы вознаграждения (интереса) по национальным сберегательным облигациям, не востребованные инвесторами - юридическими лицами, перечисляются финансовыми агентами на расчетные (текущие) счета инвесторов. При этом начисление вознаграждения (интереса) на невостребованные квартальные суммы вознаграждения (интереса) Министерством финансов Республики Казахстан не производится.
      Сноска. Пункт 20 - в редакции постановления Правительства РК от 25 сентября 1996 г. N 1172 P961172_ . Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      21. Выплата и погашение последней квартальной суммы вознаграждения (интереса) номинальной стоимости национальных сберегательных облигаций производятся в течение тридцати календарных дней после даты, установленной в пункте 3 настоящего Положения, в порядке, изложенном в пункте 20 настоящего Положения. По истечении этого срока на невостребованные суммы вознаграждения (интереса) и номинальную стоимость облигаций распространяется порядок, изложенный в пункте 20 настоящего Положения.
      Сноска. Пункт 21 - в редакции постановления Правительства РК от 25 сентября 1996 г. N 1172. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      22. Операции с национальными сберегательными облигациями прекращаются за семь дней до объявленной даты выплаты вознаграждения (интереса) и погашения. В течение этого времени генеральный финансовый агент представляет в Министерство финансов Республики Казахстан сводную ведомость на погашение, включающую сведения о количестве национальных сберегательных облигаций, по которым производится начисление вознаграждения (интереса) и погашение, и сумме выплаты по каждому финансовому агенту.
     Сноска. В пункт 22 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      23. Средства, необходимые для выплаты квартальной суммы вознаграждения (интереса) и погашения национальных сберегательных облигаций, перечисляются Министерством финансов Республики Казахстан на корреспондентские счета финансовых агентов за один банковский день до объявленной даты выплаты вознаграждения (интереса) и погашения на основании данных, представляемых генеральным финансовым агентом.
      Сноска. В пункт 23 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 сентября 1999 г. N 1324 P991324_ .
      24. Перемещение прав собственности на национальные сберегательные облигации от одного держателя к другому осуществляется только через депозитарии финансовых агентов путем внесения соответствующих записей на счетах-депо продавца и покупателя, на основании письменных поручений и/или электронных поручений держателей национальных сберегательных облигаций. Любое перемещение прав собственности на национальные сберегательные облигации отражается в депозитарии генерального финансового агента на основании электронных поручений финансовых агентов.
      25. Генеральный финансовый агент осуществляет контроль за деятельностью финансовых агентов и в одностороннем порядке может расторгнуть агентское соглашение с ними при неудовлетворительном выполнении или нарушении ими своих функций и обязательств, оговариваемых в агентских соглашениях, заключаемых с генеральным финансовым агентом.
      26. Порядок налогообложения по операциям с национальными сберегательными облигациями определяется Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, Z952235_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет".