Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 619 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қыркүйек N 1324

      Теңгенiң еркiн өзгермелi бағамы режимi жағдайларында пайдаланылатын мемлекеттік қарыз алу құралдарына сүйене отырып, ұлттық жинақ облигациялары бойынша, оның iшiнде айналыста жүргендерi бойынша сыйақы (мүдде) төлеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 619 P960619_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 194-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережеде:
      2-тармақтағы "қаржыландыру мақсатында" деген сөздерден кейiн "тоқсанның кез келген айының үшіншi немесе төртiншi аптасында бiр рет" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ұлттық жинақ облигацияларына үш айлық мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi (бұдан әрi - МЕҚҚАМ) немесе үш айлық мемлекеттік индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi (бұдан әрi - МЕИҚАМ) орналастыру жөнiндегi тиiстi аукционда қалыптасқан ставка бойынша сыйақы (мүдде) есептеледi. Сыйақы (мүдде) тоқсан сайын он төртiншi, жиырма жетiншi, қырқыншы және елу үшiнші аптада, яғни эмиссиядан кейiнгi олардың айналысының 92, 183, 274 және 364-шi күнiнен бастап төленедi.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақы (мүдде) олардың айналысының әрбiр тоқсаны үшiн есептеледi. Ұлттық жинақ облигациялары айналысының бiріншi тоқсаны үшiн сыйақы (мүдде) ставкасы жазылым басталғаны жарияланған уақыттың алдындағы МЕҚҚАМ аукционында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi.
      Егер МЕҚҚАМ аукционы өткiзiлген күн мен жазылым басталғаны хабарланған күннiң арасында МЕИҚАМ аукциондары өткiзiлсе, сыйақы (мүдде) ставкасы осы кезеңде өткiзiлген МЕИҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi. Кейiнгi тоқсандар үшiн ол - тиiстi тоқсанның бiрiншi аптасында өткiзiлген МЕҚҚАМ аукционында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең, ал мұндай аукцион өткiзiлмеген кезде - өткiзiлген МЕҚҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең.
      Соңғы МЕҚҚАМ аукционы өткiзiлген күнi мен сыйақы (мүлде) есептелетін кезеңнiң басталуы арасындағы кезеңде МЕИҚАМ аукциондары өткiзiлсе, ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы осы кезеңде өткiзiлген МЕИҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi."
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Сыйақының (мүдденiң) ставкасы МЕИҚАМ бойынша пайдаланылған жағдайда, ағымдағы төлеуге жататын ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақының (мүдденiң) сомасы МЕИҚАМ ставкасы бойынша айқындалған сыйақы (мүдде) сомасынан басқа, сыйақыны (мүдденi) төлеу жүргiзiлетiн айдың алдындағы үш айлық кезең үшiн ұлттық жинақ облигацияларына салынған инвесторлар қаражатының инфляциясынан болған зиянды өтеу сомасын қамтиды және мынадай формула бойынша айқындалады:
      S=N*I/100+С
      мұнда С, теңге - МЕИҚАМ аукционында белгiленген сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша айналыстың тиiстi кезеңi үшiн есептелген сыйақы (мүдде) сомасы;
      N, теңге - сыйақы (мүдде) есептелетін ұлттық жинақ облигацияларының номиналды құны;
      S, теңге - ағымдағы төлеуге жататын ұлттық жинақ облигацияларының сыйақы (мүдде) сомасы;
      I, % - сыйақы (мүдде) төлеу жүзеге асырылған үш айлық кезеңдегi инфляция (тұтыну бағаларының индексiнен жүз шегерiлген).";
      5-тармақтағы "түсiмнiң проценттік ставкасын" деген сөздер "сыйақы (мүдде) сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      екiншi абзацтағы "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Сыйақыны (мүдденi) МЕИҚАМ ставкасы бойынша айқындаған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберiлетін жиынтық ведомосқа, онымен бiрге сыйақыны (мүдденi) төлеу жүргiзiлетін айдың алдындағы үш айлық кезең үшiн тұтыну бағалары индексiнiң дәрежесi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.";
      14-тармақта:
      "тоқсандық проценттерді" деген сөздер "сыйақының (мүдденiң) тоқсандық сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақта:
      "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "проценттік ставканы" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақта "өтініштерге қоса берілетін қаражат" деген сөздер "күші

жойылған өтінім бойынша сатып алуға жататын ұлттық жинақ облигациялары үшін
төленген ақшалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
     20-тармақта:
     "есептелген проценттер алынған жоқ", "тоқсандық проценттермен" деген 
сөздермен тиісінше "есептелген сыйақы (мүдде) алынған жоқ", "сыйақының 
(мүдденің) тоқсандық сомасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "проценттерді", "проценттер" деген сөздер тиісінше "сыйақыларды 
(мүдделерді)", "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     21-тармақтағы "соңғы тоқсандық проценттерді" деген сөздер "сыйақының 
(мүдденің) соңғы тоқсандық сомаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде сома)" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     22-тармақтағы "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     23-тармақта:
     "Тоқсандық проценттерді" деген сөздер "Сыйақының (мүдденің) тоқсандық 
сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы 1999 жылғы 15 маусымнан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады