Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 619 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 қыркүйек N 1172

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi бағдарламасының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 619 P960619_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 194-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы Ережеге мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ұлттық жинақ облигациялары бойынша, олар айналыста болған әр тоқсан үшiн есептелетiн құбылмалы проценттiк ставка Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкпен бiрлесiп өткiзетiн аукционда қалыптасқан орташа дисконтты баға бойынша үш айлық мемлекеттiк қысқа мерзiмдiк қазынашылық мiндеттемелердiң (МҚМ) түсiмдiлiк ставкасына тең мөлшерде белгiленедi. Ұлттық жинақ облигацияларының айналыста болуының бiрiншi тоқсаны үшiн - жазылу басталуы хабарланған күннiң алдындағы соңғы аукционда, ал келесi тоқсандар үшiн - тиiстi тоқсанның бiрiншi аптасында қалыптасқан МҚМ-нiң түсiмдiлiк ставкасы қабылданады.
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Инвесторларға проценттер төлеудi осы Ережеге сәйкес белгiленген және шығарылымның ауқымды сертификатында көрсетiлген ұлттық жинақ облигацияларын шығару шарттарында көзделген ставкалар бойынша қаржы агенттерi тоқсан сайын жүргiзедi. Инвесторларға ұлттық жинақ облигациялары бойынша проценттер төлеу осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген күннен бастап он банкi күнi бойында жүргiзiледi. Егер осы мерзiм өткенде жеке тұлғалар-инвесторлар есептелген проценттердi алмаған болса, қаржы агенттерi төленуге тиiстi проценттердi олар бойынша проценттер қосып есептеу шартымен талап етуi арқылы берiлетiн арнаулы жинақ шоттарына салады және оны инвестор талап еткен бойда төлейдi. Ұлттық жинақ облигациялары бойынша заңды тұлғалар-инвесторлар талап етпеген тоқсандық проценттердi қаржы агенттерi инвестордың есеп айырысу (ағымдағы) шоттарына аударады. Бұл ретте Қаржы министрлiгi талап етiлмеген тоқсандық проценттерге үстеме процент есептеу жүргiзбейдi".
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

     "21. Ұлттық жинақ облигацияларының соңғы тоқсандық проценттерiн

төлеу және нақты құнын өтеу осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген

күннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн бойы, осы Ереженiң 20-тармағында

жазылған тәртiппен жүргiзiледi. Осы мерзiм өткен соң облигациялардың

талап етiлмеген проценттерi мен нақты құнына осы Ереженiң

20-тармағында жазылған тәртiп қолданылады".


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады