"Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 141 P960141_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес Республикалық бюджеттен
жобаларды қоса қаржыландыру тетiгi бекiтiлсiн.
ЕСКЕРТУ. Қаулының атауы, 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.23.
N 1152 қаулысымен.
2. Жобаларды қоса қаржыландырудың бюджеттiк қаражатын нысаналы
пайдалануға бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
5 маусымдағы N 695
қаулысына қосымша
ЕСКЕРТУ. Қосымша мәтiнiне өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1997.07.23. N 1152 қаулысымен. P971152_
ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16.
N 913 қаулысымен. P980913_
Мемлекеттiк заемдарды тарту арқылы iске асырылатын жобаларды
республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тетiгi туралы
Осы тетiк Халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдары мен донор елдердiң Қазақстан Республикасының дамуына ресми жәрдемдесу шеңберiндегi займдары мен кепiлдiктерi қаражатынан қоса қаржыландырылатын жобаларды жүзеге асыруға Республикалық бюджеттен қатыстырудың тәртiбiн белгiлейдi.
Республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға басым жобалар жатады, олардың бюджеттен қоса қаржыландыру көлемдерi көрсетiлген тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру көлемiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi мен министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мүдделi ұйымдардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi белгiлейдi.
Жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруға қажеттi жобалар кезектi жылға арналған республикалық бюджетiнiң жобасында көзделедi.
Республикалық бюджеттен жобаларды қайтарымды негiзде қоса қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
түпкiлiктi заемшыларды тiкелей қаржыландыру;
түпкiлiктi заемшыларға кейiн несие беруi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде нысаналы несиелер беру;
түпкiлiктi заемшыларға қызмет көрсетушi агент-банкiнi белгiлей отырып несие беру жолымен жүзеге асырады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен түпкiлiктi заемшылар арасында жасалған келiсiмдерде не Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен екiншi деңгейдегi банктер арасындағы несие келiсiмдерiнде қайтару кепiлдiктерi, аманат мiндеттемелерi, өтеу кестесi, өсiм ставкасы, сондай-ақ республикалық бюджетке негiзгi борыш пен проценттiк төлемдердi уақтылы және толық өтеу үшiн жауапкершiлiк белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында көзделген жағдайларда аталған жобаларды қоса қаржыландыру қайтарымсыз негiзде жүзеге асырылады.
Жобаларды қоса қаржыландыру үшiн бюджеттiк қаражат түпкiлiктi алушыларға қайтарымды, ақылы негiзде, жасалған келiсiмдерге келiсiлетiн қайтару кепiлдiгi мен аманаттық мiндеттемелер болған жағдайда бөлiнедi.
Жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын алуға өкiлеттi адамдардың қол қою үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтедi.