Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 695 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1152

      Мемлекеттiк заемдарды тарту арқылы iске асырылатын жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру және бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы бюджетiнен жобаларды қоса қаржыландыру тетiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 695 P960695_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк заемдарды тарту арқылы iске асырылатын жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тетiгi туралы";
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының бюджетiнен" деген сөздер "Республикалық бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулының қосымшасында:
      қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк заемдарды тарту арқылы iске асырылатын жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тетiгi туралы";
      қосымшаның мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының бюджетiнен" деген сөздер "Республикалық бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджеттен жобаларды қайтарымды негiзде қоса қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      түпкiлiктi заемшыларды тiкелей қаржыландыру;
      түпкiлiктi заемшыларға кейiн несие беруi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде нысаналы несиелер беру;
      түпкiлiктi заемшыларға қызмет көрсетушi агент-банкiнi белгiлей отырып несие беру жолымен жүзеге асырады";
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен түпкiлiктi заемшылар арасында жасалған келiсiмдерде не Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен екiншi деңгейдегi банктер арасындағы несие келiсiмдерiнде қайтару кепiлдiктерi, аманат мiндеттемелерi, өтеу кестесi, өсiм ставкасы, сондай-ақ республикалық бюджетке негiзгi борыш пен проценттiк төлемдердi уақтылы және толық өтеу үшiн жауапкершiлiк белгiленедi";

 

     алтыншы, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер тиiсiнше жетiншi,

сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктер болып есептелсiн;

     жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

     "Әрбiр жобаны қоса қаржыландыру тетiгi Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң жобаны iске асыру туралы қаулысында бекiтiлуге тиiс";

     тоғызыншы бөлiк алынып тасталсын.


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады