1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп Қарағанды көмiр бассейiнiнiң шахталарын қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн қажеттi инвестициялардың көлемiн айқындасын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1-қосымшаға сәйкес 15 көмiр шахтасының мүлiктiк кешенiн, "Восточная" байыту фабрикасын, "Қарағандашахтауголь" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының стандарттық емес жабдықтау және шағын механикаландыру зауытын, осы объектiлердi көлiктiк, энергетикалық және инженерлiк қамтамасыз ету, сондай-ақ Қарағанды көмiр бассейнiн қамтамасыз ететiн жекелеген кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн. <*>
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.10.
N 866 қаулысымен. P960866_
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1 және 2-қосымшаларда аталған кәсiпорындар кешендерiн голландық сауда процедураларын қолдана отырып жабық тендерде сатсын. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.10.
N 866 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi саудаластық өткiзiлгенге дейiн "Карагандашахтауголь" мемлекеттiк кәсiпорнының және Қарағанды көмiр бассейнiн қамтамасыз ететiн 2-қосымшада аталған жекелеген
кәсiпорындардың iшкi және сыртқы мiндеттемелерi бойынша мұрагерлерiн айқындасын. <*> Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.10. N 866 қаулысымен. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 маусымдағы N 734 қаулысына қосымша "Карагандашахтауголь" мемлекеттiк кәсiпорнының сатылуға жататын көмiр шахталарының Тiзбесi ___________________________________________________________________ N | Шахталардың атауы | Қоры, | Жұмысшылар р/с| | млн. т. | саны, мың адам ___________________________________________________________________ 1 | Шахтинск | 96 | 2,114 ___________________________________________________________________ 2 | Ленин атындағы | 106 | 2,985 ___________________________________________________________________ 3 | Қазақстан | 122 | 2,470 ___________________________________________________________________ 4 | Тентек | 146 | 3,313 ___________________________________________________________________ 5 | Долинск | 50 | 1,501 ___________________________________________________________________ 6 | Калинин атындағы | 240 | 1,755 ___________________________________________________________________ 7 | Абай | 57 | 1,388 ___________________________________________________________________ 8 | Соқыр | 104 | 1,309 ___________________________________________________________________ 9 | Ақтас | 119 | 1,109 ___________________________________________________________________ 10 | Саран | 72 | 1,977 ___________________________________________________________________ 11 | Күзембаев атындағы | 67 | 1,641 ___________________________________________________________________ 12 | СССР-дiң 50-жылдығы | 157 | 1,771 ___________________________________________________________________ 13 | Костенко атындағы | 109 | 2,809 ___________________________________________________________________ 14 | Стаханов атындағы | 51 | 1,332 ___________________________________________________________________ 15 | Қарағанды | 72 | 2,514 ___________________________________________________________________ | ЖИЫНЫ | 1568 | 29,788 ___________________________________________________________________