Қазақстан Республикасының көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындарын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 маусымдағы N 734

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының көмiр өнеркәсiбiн санациялау үшiн инвестицияларды тарту, "Карагантшахтуголь" мемлекеттiк кәсiпорны шахталық қорын, инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын қолдау мен оның болашақта дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп Қарағанды көмiр бассейiнiнiң шахталарын қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн қажеттi инвестициялардың көлемiн айқындасын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1-қосымшаға сәйкес 15 көмiр шахтасының мүлiктiк кешенiн, "Восточная" байыту фабрикасын, "Қарағандашахтауголь" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының стандарттық емес жабдықтау және шағын механикаландыру зауытын, осы объектiлердi көлiктiк, энергетикалық және инженерлiк қамтамасыз ету, сондай-ақ Қарағанды көмiр бассейнiн қамтамасыз ететiн жекелеген кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.10.
               N 866 қаулысымен. P960866_
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1 және 2-қосымшаларда аталған кәсiпорындар кешендерiн голландық сауда процедураларын қолдана отырып жабық тендерде сатсын. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.10.
               N 866 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi саудаластық өткiзiлгенге дейiн "Карагандашахтауголь" мемлекеттiк кәсiпорнының және Қарағанды көмiр бассейнiн қамтамасыз ететiн 2-қосымшада аталған жекелеген

кәсiпорындардың iшкi және сыртқы мiндеттемелерi бойынша мұрагерлерiн 
айқындасын.
<*>

     Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.10.
              N 866 қаулысымен.
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 13 маусымдағы
                                      N 734 қаулысына
                                            қосымша

          "Карагандашахтауголь" мемлекеттiк кәсiпорнының
              сатылуға жататын көмiр шахталарының
                           Тiзбесi
___________________________________________________________________
 N |    Шахталардың атауы    |     Қоры,     |   Жұмысшылар
р/с|                         |   млн. т.     | саны, мың адам
___________________________________________________________________
 1 |  Шахтинск               |      96       |     2,114
___________________________________________________________________
 2 |  Ленин атындағы         |      106      |     2,985
___________________________________________________________________
 3 |  Қазақстан              |      122      |     2,470
___________________________________________________________________
 4 |  Тентек                 |      146      |     3,313
___________________________________________________________________
 5 |  Долинск                |      50       |     1,501
___________________________________________________________________
 6 |  Калинин атындағы       |      240      |     1,755
___________________________________________________________________
 7 |  Абай                   |      57       |     1,388
___________________________________________________________________
 8 |  Соқыр                  |      104      |     1,309
___________________________________________________________________
 9 |  Ақтас                  |      119      |     1,109
___________________________________________________________________
10 |  Саран                  |      72       |     1,977
___________________________________________________________________
11 |  Күзембаев атындағы     |      67       |     1,641
___________________________________________________________________
12 |  СССР-дiң 50-жылдығы    |      157      |     1,771
___________________________________________________________________
13 |  Костенко атындағы      |      109      |     2,809
___________________________________________________________________
14 |  Стаханов атындағы      |       51      |     1,332
___________________________________________________________________
15 |  Қарағанды              |       72      |     2,514
___________________________________________________________________
   |     ЖИЫНЫ               |     1568      |    29,788
___________________________________________________________________
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады