Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 маусымдағы N 734 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 10 шiлде N 866

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының өнеркәсiбi кәсiпорындарын жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 маусымдағы N 734 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1-қосымшаға сәйкес 15 көмiр шахтасының мүлiктiк кешенiн, "Восточная" байыту фабрикасын, "Карагандашахтуголь" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының стандарттық емес жабдықтау және шағын механикаландыру зауытын, осы объектiлердi көлiктiк, энергетикалық және инженерлiк қамтамасыз ету, сондай-ақ Қарағанды көмiр бассейнiн қамтамасыз ететiн жекелеген кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн 2-қосымшаға Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн";

     3-тармақтағы "комитетi" деген сөзден кейiн "1 және
2-қосымшаларда" деген сөздермен толықтырылсын;
     4-тармақ "мемлекеттiк кәсiпорынның" деген сөздерден кейiн "және
Қарағанды көмiр бассейнiн қамтамасыз ететiн 2-қосымшада аталған
жекелеген кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 10 шiлдедегi
                                          N 866 қаулысына
                                             1-қосымша

           "Карагандашахтуголь" республикалық мемлекеттiк
        кәсiпорнының мүлiктiк кешен ретiнде сатылуға жататын
                          кәсiпорындардың
                             ТIЗБЕСI

     "Шахтинский" шахтасы
     Ленин атындағы шахта
     "Қазақстан" шахтасы
     "Тентек" шахтасы
     "Молодежная" шахтасы
     Калинин атындағы шахта
     "Абай" шахтасы
     "Соқыр" шахтасы
     "Ақтас" шахтасы
     "Саран" шахтасы
     Күзембаев атындағы шахта
     СССР-дiң 50 жылдығы атындағы шахта
     Костенко атындағы шахта
     "Стаханов" шахтасы
     "Қарағанды" шахтасы
     "Восточная" ВФЦ
     Қарағанды көлiк-тиеу кәсiпорны (ҚКТК)
     "Спецшахмонтаждегазация" газдан тазарту жүйелерiн салу және
монтаждау мен өрттен сақтандыру жөнiндегi мамандандырылған басқармасы
     "Спецшахмонтаж" тау-кен шахтасы жабдықтарын монтаждау, бөлшектеу
және жөндеу жөнiндегi басқарма
     Мамандандырылған автокөлiк кәсiпорны
     Стандарттық емес жабдықтау мен шағын механизациялау зауыты
     Ақпараттық-есептеу орталығы
     Қарағанды скважина бұрғылау және "Шахтосушение" шахта алқаптарын
кептiру жөнiндегi құрылыс-монтаж басқармасы
     "Карагандашахтуголь" мемлекеттiк кәсiпорнының басқарма аппараты

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 10 шiлдедегi
                                          N 866 қаулысына
                                             2-қосымша

          Мүлiктiк кешен ретiнде сатылуға жататын Қарағанды
       көмiр бассейнiн қамтамасыз ететiн жекелеген кәсiпорындар
                                ТIЗБЕСI

     Автокөлiк кәсiпорны өндiрiстiк бiрлестiгi
     Тихонов автокөлiк кәсiпорны
     Жаңа Майқұдық автокөлiк кәсiпорны
     Придолинск автокөлiк кәсiпорны
     Саран автокөлiк кәсiпорны
     Оқу-курстық комбинат
     "Көмiрсервис" мамандандырылған монтаждау реттеу кәсiпорны
     Тау-кен көлiгi жабдықтарын жөндеу жөнiндегi зауыт (ТККЖЖ)
     Энергия зауыты
     материалдық-техникалық жабдықтауды басқару
     Мамандандырылған ЖҚБ
     Өндiрiс-технологиялық байланыстар басқармасы
     "Қарағандыэнергиякөмiр" бiрлескен кәсiпорны" ӨБ 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады